Казахстанскими пограничниками предотвращены факты незаконного вывоза крупных денежных средств

Қарияға сапалы өмір сыйлаған жоғары технологиялық ота

21 мая, 12:31
1 мин. чтения
565
Қарияға сапалы өмір сыйлаған жоғары технологиялық ота
МӘМС

Түркістан қалалық орталық ауруханасының дәрігерлері 92 жастағы науқасқа күрделі жоғары технологиялық ота жасап, жамбас буынын сәтті алмастырды.

Қария ауруханаға сол жақ сан сүйегі мойнының сынуы диагнозымен түскен. Толық тексеру мен ота алдындағы дайындықтан кейін дәрігерлер науқасқа сол жақ жамбас буынының тотальды эндопротездеу операциясын жүргізу туралы шешім қабылдады.

Операцияны травматолог-ортопед дәрігер Ерден Камбарұлы, травматолог дәрігерлер Ақылбек Әубәкірұлы мен Хасан Алишерұлы жүргізді.

Ота барысында зақымдалған буын арнайы жасанды эндопротезбен алмастырылды. Хирургиялық араласу сәтті өтіп, асқынулар тіркелмеген. Дәрігерлердің айтуынша, жасы ұлғайғанына қарамастан, науқас операцияны жақсы көтерген.

Мамандардың сөзінше, тотальды эндопротездеу – қазіргі медицинадағы тиімді жоғары технологиялық емдеу тәсілдерінің бірі. Бұл әдіс:

– ауырсынуды азайтуға немесе толық жоюға,

– буын қызметін қалпына келтіруге,

– қозғалыс белсенділігін арттыруға,

– науқастың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ерте қимыл-қозғалысты қамтамасыз ету арқылы ұзақ уақыт төсекке таңылудан болатын асқынулардың алдын алуға көмектеседі.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Жоғары технологиялық ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін жасалды.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
08 июня