Жетісу облысында 3500 мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Қолданыстағы заңнамаларда мемлекеттік қызметшілерді біліктілігін арттыруға мүмкіндік берілген, ал мемлекеттік қызметке алғаш келгендерді қайта даярлау курстарынан өткізу талаптары көзделген.
Облысымыздың мемлекеттік қызметшілері үшін әр саладағы өзекті тақырыптар бойынша оқытуды Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалы жүргізеді.
Өткен жылдан бері арнайы бекітілген бағдарламадан бөлек, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментімен бірлесе отырып оқыту курстарына белгілі қоғам өкілдерін, мемлекеттік қызметтің ардагерлерін, сондай-ақ басшылық лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілерді тарта отырып, «Қонақ дәрістерін» өткізу тәжірибесі енгізілді.
А.ж. 10 ақпан күні «Қонақ дәрістері» жобасы аясында биылғы жылдың оқыту курстарына алғашқы қонақ ретінде облыс әкімінің орынбасары Рустам Али арнайы келіп, өзінің еңбек жолындағы тың тәжиребесімен бөлісті. Оның ішінде, БАҚ өкілдерімен тиімді байланыс орнату, сұхбат берудегі ерекшеліктер туралы ойын ортаға салды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшінің үздіксіз жеке дамуының кәсіби қызметін атқарудағы әсеріне тоқталды.
Жалпы 2023 жылы облыс бойынша 1300 қызметшіні оқыту жоспарланған.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаменті
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter