Вице-министра просвещения освободили от должности

Түркістан облысында 50-ден асқан 1200 адам «Күміс жас» жобасы арқылы жұмыспен қамтылды

05 апр. 2023, 16:30
2 мин. чтения
1877
Түркістан облысында 50-ден асқан 1200 адам «Күміс жас» жобасы арқылы жұмыспен қамтылды
ашық дереккөзден алынды
Аталған жоба 2022 жылы зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында іске қосылған болатын. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жоба аясында былтыр 3080 адам жұмысқа орналасқанын мәлімдеген еді. Оның 516-сы – түркістандық. Яғни, ең көп жұмыспен қамтылғандар қатарында Алматы облысынан кейін Түркістан өңірі енгізілген.
 
Түркістан облысында «Күміс жас» жобасына биыл 1656 адамды қамту жоспарланған. 2023 жылдың 3 айының қорытындысына сәйкес, 1248 адам мемлекеттік жобаның игілігін көріп отыр.
 
Қатысушылардың басым бөлігі Жетісай, Мақтаарал, Сайрам, Сарыағаш, Төлеби аудандары және Түркістан қаласында тіркелген. Өзге аудан, қалаларда жергілікті аймақтың ерекшеліктері ескеріле отырып, квота бөлінген.
 
Бәйдібек ауданының тұрғыны Ләззат Өскенбекова мемлекеттің қолдауының аясында жекеменшік мекемеге логопед қызметіне жұмысқа орналасқан.
 
– Жасым 54-те. Біраз жыл бұрын Алматы қаласынан көшіп келгенбіз. Негізі 30 жылдық еңбек өтілім бар. Бірақ кей себептермен жұмыссыз қалып қойдым. Осындай бағдарлама бар екенін естіген соң қатысып көруді шештім. Мамандардың нұсқауымен ақпан айында жұмысқа қабылдандым. Жұмыс ыңғайлы, өзіме ұнайды. Еңбектенбей, өзгелерден көмек күтетін адамдарға айтарым мемлекет халық үшін бағдарламаларды шығарып жатқан кезде мүмкіндіктерді пайдалануымыз керек. «Күміс жас» жобасы атына сай атқарылып жатыр екен. Мен өз құрдастарыма қатысыңдар деп кеңес беретін болдым, – дейді «Күміс жас» жобасының қатысушысы Ләззат Айдарханқызы.
 
Айта кетейік, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қағидаларға бірқатар өзгеріс енгізіліп, жобаға 50 жасқа толған азаматтар қатысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ зейнеткерлік жасқа толмаған адам кемінде 1 жыл мерзімге жұмыспен қамтылса, 58 жастан асқандарға зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орындары ұсынылады. Жұмыс беруші айлық мөлшерінің 30%-ын, ал қалғанын мемлекет тарапы төлейді.
Түркістан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары: - еңбек күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау және болжамдау; - сұранысқа ие мамандықтар бойынша ағымдағы бос жұмыс орындары және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-- - еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысу; - жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлеу, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыру; - Жұмыспен қамту орталығының жұмысын үйлестіру; - жұмыс берушілерден кадрларға болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұрату; - жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қатері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру; - жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру; - 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй көмегін, әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу; - оңалтылған тұлғаларға анықтама беру; - медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) және үйде күтім жасау жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу; - жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру (бас тарту) туралы шешім қабылдау; - мүгедектерді техникалық көмекшi құралдармен және арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету; - мүгедектерді автокөлікпен тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтер көрсетумен айналысады.
Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Сегодня