ЦОНы не будут работать 16-18 декабря

Республика күнін Түркиядағы отандастарымыз атап өтті

25 окт. 2023, 10:42
2 мин. чтения
1568
Республика күнін Түркиядағы отандастарымыз атап өтті
tutu.ru

2022 жылдан бастап 25 қазан Республика күні ұлттық мереке болып табылады. 16 желтоқсан – мемлекеттік мереке, Тәуелсіздік күні. Естеріңізге сала кетейік, мұндай өзгерістер Қазақстан Республикасының кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша заңнамалық актілеріне енгізілген болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 29 қыркүйегінде түзетулермен заң жобасына қол қойды.

2022 жылдың шілдесінде Ұлттық Құрылтайдың отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндердің тізіміне бірқатар өзгерістер енгізудің уақыты келгенін айтты. «Мен Республика күнін мемлекеттік мереке мәртебесіне қайтаруды ұсынамын. Естеріңізге сала кетейін, 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы еді. Бұл құжатты қабылдауда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев өте маңызды рөл атқарды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Республика күні еліміздің мемлекеттілікке батыл қадам жасауының символына айналуы тиіс. «Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мағынасы сақталады. Бұл күн басты ұлттық мереке болып қала береді. Дегенмен, Тәуелсіздікке елеулі үлес қосқан халық батырларымызды еске алу күні ретінде аталып өту керек», - деп түсіндірді ол.

1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Құжатта аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі және мызғымастығы, халықтар мен олардың тілдерінің мәдениетін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттіліктің қағидалары бекітілді. 2009 жылға дейін бұл күн мемлекеттік мереке болды.

Самые свежие новости экономики, политики и культуры в нашем Telegram-канале и мобильных приложениях на Android и iOS.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

14 июня
13 июня
12 июня