«Белый кит»: мощная драма о проблемах приемных детей уже на Иви

ҚазТрансГаз Аймақ Түркістан облысында тағы үш ауылды табиғи газға қосты

04 июня 2023, 08:22
1 mins read
1174
ҚазТрансГаз Аймақ Түркістан облысында тағы үш ауылды табиғи газға қосты
ҚазТрансГаз Аймақ

Түркістан облысының Келес ауданындағы табиғи газ тұтынушыларының саны тағы 1 500 адамға өсті. Жаңақоныс, Бесауыл, Жамбыл-1 ауылдарына табиғи газ жеткізуді «QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қамтамасыз етті.

Осы елдімекендерге табиғи газ Ғани Мұратбаев атындағы автоматтандырылған газ тарату станциясынан берілетін болады.

Қошқар Ата ауылдық округіне қарасты бұл ауылдарға газ құбырларын жеткізу жұмыстары басталған 2021 жылдан бері барлығы 15 шақырымнан астам газ құбыры салынды, бұл - осы ауылдардағы 307 тұрғын үйдің табиғи газға қосылуына мүмкіндік береді.

Ауыл тұрғындарын бүгінгі қуанышымен құттықтай отырып, газ мамандары тұрғындарға газды қауіпсіз пайдалану ережелері жазылған ескертпе жадынамаларды таратты.

Жалпы Келес ауданындағы 83 елдімекенде 133 мыңнан аса халық тұрады. Бүгінгі күні 63 елдімекен газбен қамтылды. Жыл соңына дейін газ мамандары аудандағы тағы 5 елдімекенді «көгілдір отынға» қосуды жоспарлап отыр.

Осы күні «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалы 11 000 шақырымнан астам газ құбырларына қызмет көрсетеді және 212 мыңнан астам абонентке «көгілдір отын» жеткізіп отыр.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
03 июня