Интервью. Мнения

Шала туған балаларға күрделі ота жасалды

31 окт., 10:04
1 мин. чтения
346
Шала туған балаларға күрделі ота жасалды
МӘМС

Облыстық перинаталдық орталығында  шала  туған егіз  нәрестелерге  сол жақты артқы бүйірлік торакотомия және туа бітті жүрек ақауын клиптеу оталары  жасалды. Отаны облыстық балалар ауруханасының кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Талғат Бердибеков бастаған дәрігерлер бригадасы жүргізді. Аталмыш оталар МӘМС есебінен жүзеге асырылды. Сәтті жасалған отадан соң, нәрестелер анасымен бірге шала туған балаларды күтетін бөлімшеге ауыстырылып, тиісті ем-шаралар көрсетілді.

Жалпы, облыстық балалар ауруханасының базасында толық жарақтандырылған кардиохирургиялық бөлімше бар. Бүгінде бөлімшеге қажетті мамандар тартылған. Балалардың жүрек-қан тамыры жүйесінің даму кемістіктерін инвазивті емес интервенциялық түзетуге ангиографиялық қондырғысы жұмыс жасап тұр.

Ағымдағы жылы ауруханада балалардың туа біткен жүрек ақауларына 108 ота жасалған. Сонымен қатар, нәрестелердің критикалық туа біткен жүрек ақауын жасанды қан айналымы жағдайында түбегейлі түзету бойынша оталар да жасалып жатыр.

/category/news
Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
19 ноября
18 ноября