Депутаты мажилиса снизили предложенный Минздравом максимальный порог взносов в ОСМС

«Саламатты Қазақстан» халықтық медициналық пойызын еліміздің өңірлерінде асыға күтуде

Вчера, 10:37
2 мин. чтения
104
«Саламатты Қазақстан» халықтық медициналық пойызын еліміздің өңірлерінде асыға күтуде
Samruk-Kazyna Trust

Медициналық пойыз өзінің кезекті сапарын еліміздің батыс өңірлерінен бастайды. Биыл әртүрлі бағыттағы 30 медицина маманы, сондай-ақ заңгерлер мен медиаторлар 123 ауылда тұратын 90 мың адамға кеңес беруді жоспарлап отыр.

Әр жылы пойыз маршруты елдегі қажеттілікке қарай жаңартылып отырады, себебі емхана мен медициналық мекемелерден алыс орналасқан станцияларға басымдық беріледі. Сонымен қатар, пойыз үнемі шағын ауылдарға оралып тұрады – оған көрші, теміржол қатынасы жоқ ауылдардан да тұрғындар арнайы келеді.

Мысалы, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қотыртас ауылының тұрғыны, зейнеткер Тлеужан Қазымбетов пойызды бүкіл ауыл болып асыға күтіп отырғандарын айтты. 600-ге жуық тұрғыны бар ауылда тек фельдшерлік пункт қана жұмыс істейді, сондықтан медпойыздың келуі – толық тексерістен өтуге сирек болатын мүмкіндік.

«Өткен жылы дәрігерлер көзімде аздаған ақау барын анықтап, қан қысымым бойынша ұсыныстар беріп, тамақтануымды реттеуге кеңес берді. Отбасымызбен сол уақыттан бері айтқан кеңестерін ұстануға тырысамыз. Сол сапарда кардиологтың қабылдауына кіріп, ем қабылдауға тағайындама алдым. Биыл қайта тексерілгім келеді. Пойыз келеді дегенге қуаныштымын. Бұл – біз үшін ауданға нашар жолмен шықпай-ақ, білікті көмек алуға берілген нақты мүмкіндік», – дейді тұрғын.

Пойыздың бағыты мен жұмысын ұйымдастыруды «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» қоры қамтамасыз етеді. Жабдықтау, дәрі-дәрмек пен медициналық сүйемелдеуді Денсаулық сақтау министрлігі жүргізеді. Заңгерлік қолдау мен медиаторлардың көмегін ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия ұсынады. 2023 жылдан бері жобаға тартылған құқық мамандарының кеңесі ауыл тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
19 мая
18 мая
17 мая