Бизнесмен Джакишев выкупает особняк Масимова до проведения аукциона

«Samruk-Kazyna Trust» қорының «Charity Samruk Marathon – 2024» жобасы үздік қайырымдылық жобасы атанды

24 февр., 13:39
1 мин. чтения
1068
«Samruk-Kazyna Trust» қорының «Charity Samruk Marathon – 2024» жобасы үздік қайырымдылық жобасы атанды
Samruk-Kazyna Trust

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қоры «Ақ Мерген» қоғаммен байланыс саласындағы XII қазақстандық сыйлықпен марапатталды. Қордың «Charity Samruk Marathon – 2024» жобасының нәтижесі мен коммуникациялық стратегиясы үздік бағаланып, «Қайырымдылық» номинациясының жеңімпазы атанды.

«Charity Samruk Marathon - 2024» қайырымдылық марафоны өткен жылдың маусым айында Астанада ұйымдастырылып, оған 1200-ден астам адам қатысты. Шарада жиналған 127 млн теңгеге Астананың 5 мектебінде инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. Қайырымдылық марафонында жүзеге асқан табысты тәжірибе жалғасын тауып, «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен 2024 жылы Астана тағы да 5 мектепте инклюзия кабинеттері ашылды. Соның арқасында 500-ден астам ерекше бала инклюзивті біліммен қамтылды, елордалық мектептерде инклюзия кабинеттеріне қажеттіліктің 16%-ы өтелді.

2025 жылы «Charity Samruk Marathon» қайырымдылық марафоны 3 мамырда өтеді.

12-ші жыл ұйымдастырылып отырған PR саласындағы «Ақ Мерген» қазақстандық сыйлығы еліміздегі PR нарығын дамытуға, қоғаммен корпоративтік және мемлекеттік қарым-қатынастардың мәдениеті мен дәстүрлерін қалыптастыруға бағытталған.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Сегодня