Уважаемые представители СМИ!

Шардарада ауыл медицинасына көңіл бөлінді

04 дек. 2023, 05:43
3 мин. чтения
889
Шардарада ауыл медицинасына көңіл бөлінді
МӘМС

МӘМС  жүйесі  іске қосылғалы медицина саласында айтарлықтай өзгерістер болып  жатыр. Әсіресі, ауыл медицинасына мол мүмкіндіктер жасалып жатыр. Осы ретте, Шардара аудандық орталық  ауруханасының бас дәрігері Сейтханов Мухитдин Әбуұлымен  сұхбаттасқан болатынбыз.

-Мухитдин Әбуұлы, ең алдымен аудандық орталық аурухананың қазіргі жағдайы жөнінде әңгімелеп берсеңіз...

-МӘМС жүйесі енгізілгеннен соң, медициналық ұйымдарды қаржыландыру көлемі артты. Осының арқасында аурухананың екінші тынысы ашылды. МӘМС жүйесінің есебінен 80 млн теңгеден астам  қаржы қаралды. Әсіресе, бөлінген қаржы  реаблитацияға, КДҚ, стоматологияға жұмсалып жатыр.

Аурухананың жалпы хирургия бөлімінде колоноскопия аппараты іске қосылды. Бұл құрылғы облыстық бюджет есебінен алынды. Құрылғымен негізінен тік ішек, тоқ ішектегі қатерлі ісіктер, қабыну процестері, қатерсіз ісіктер, полиптерді анықтауға болады.

Сондай –ақ, аудандық аурухананың қаражаты есебінен краниотом аппараты алынды. Құрылғының басты ерекшелігі операция жасау кезінде бас сүйегінің зақымдалу деңгейін азайтып, қан кетуді болдырмайды. Бүгінде аурухананың хирургия бөлімінде аталмыш құрылғымен оталар жасалады.

Сонымен қатар, өңештің кеңейген тамырларын эндоскопиялық жолмен байлау отасында жасауға мүмкіндігіміз жетеді. Аталмыш диагноз бауыр циррозында жиі кездеседі. Аурудың негізгі асқынуында қан көп кетіп, науқас қайтыс болуы мүмкін. Отаны Астана, Алматы, Шымкент қалаларында ғана жасалатын еді. Отаның арқасында ауыр халде ауруханаға  келген науқасты аман алып қалуға зор септігін тигізді.

-Бұрын соңды тұрғындар ірі қалаларға барып жасататын от түрлері аудандық ауруханада іске асып жатқаны қуантады. Тағы бір мәселе, Шардара басқа аудандарға қарағанда шалғайда орналасқан. Кейде тұрғындар КТ түсуі қажет болып, басқа жаққа баруына мәжбүр болатын еді. Бұл мәселе қалай шешімін тапты?

-Шардара аудандық орталық ауруханасында енді  компьютерлік томографияның контрастты ажыратымдылықтағы кескіні  бойынша диагностикалық қызмет көрсетіледі.

Контрастты КТ  басты артықшылығы - қабыну процестерін, кисталарды, қан ұйығыштарын, склерозды, ісіктерді ерте диагностикалауға мүмкіндік береді, зерттеу уақыты бірнеше минутты құрайды. Осы аспаптық зерттеудің көмегімен онкологияны анықтап қана қоймай, оның жеке ошақтарын (метастаздар), сондай-ақ басқа да патологиялық процестерді табуға болады.

КТ сараптамасын күту уақыты қысқарған. Бұрын апталап кезек күткен болса, бүгінде КТ қызметтерін 1-2 күнде алуға мүмкіндік бар.

КТ тексеруден өту үшін тіркелген емханадағы емделуші дәрігердің жолдамасы қажет. Яғни, пациент қызметті жоспарлы түрде алу үшін пациент МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесіне ие болуы тиіс.

-Аудандық ауруханада қажетті медициналық қызмет болмаса не істеу керек?

 -Қандай да бір бейінді маман немесе қажетті диагностикалық қызмет болмаған жағдайда пациентті қалаға, аурухамен бірлесіп орындау шарты бойынша жұмыс істейтін медициналық ұйымға жібереді. Сондай-ақ, азаматтар Қордың деректер базасында тұратын және МӘМС бойынша көрсетілетін керек қызметтерді, клиниканы өздігінен таңдай алады.

 Бұл ретте оған шарттың жоқтығына сілтеме жасай отырып, жолдама беруден бас тартуға құқығы жоқ. Себебі шарт жазбаша жолдама мен көрсетілген қызмет негізінде автоматты түрде толтырылады.

 Аудандардың орталық ауруханалары мен емханалары әдетте ультрадыбыстық және рентгендік жабдықтармен толық жабдықталған, толыққанды зертханалар жұмыс істейді. КТ және МРТ аппараттары қалалық клиникаларда ғана бар, сондықтан ауыл тұрғындары бұл тексерулерге қалаға жіберіледі. Пациент жолдама алған соң, қажетті клиникаға қоңырау шалып, МӘМС аясында диагностикаға жазылады.

9ac40f32-cbd0-4ead-9781-20e73d6e9951.webp

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
18 июля
17 июля