Лишат ли Назарбаев университет особого статуса

Сарыағашта заманауи эндоваскулярлық ота жүргізілді

Сегодня, 09:53
2 мин. чтения
61
Сарыағашта заманауи эндоваскулярлық ота жүргізілді
МӘМС

МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістер медициналық көмектің қолжетімділігін нақты істермен көрсетіп отыр. Соның айқын мысалы – ишемиялық инсульттің алдын алуға бағытталған жоғары технологиялық оталардың өңірлік деңгейде қолжетімді болуы. Ішкі ұйқы артериясын стенттеу сынды заманауи эндоваскулярлық оталар миға қан жеткізуді қалпына келтіріп, ауыр асқынулар мен қайталама инсульттің алдын алуға мүмкіндік береді. Бұрын мұндай күрделі әрі қымбат медициналық көмектер тек республикалық орталықтарда ғана көрсетілсе, бүгінде МӘМС жүйесінің арқасында аудандық және қалалық ауруханаларда да тегін жүргізілуде. Бұл – азаматтардың өмірін сақтап қалуға, мүгедектік деңгейін төмендетуге және сапалы медициналық көмекті баршаға тең қолжетімді етуге бағытталған жүйелі өзгерістердің нәтижесі.

Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері ишемиялық инсульт диагнозы қойылған 54 жастағы науқасқа ішкі ұйқы артериясын стенттеу отасын сәтті өткізді.

 

Аталған хирургиялық араласу миға қан жеткізетін негізгі артерияның тарылуын жоюға бағытталған және инсульттің алдын алуда аса маңызды болып саналады. Ота барысында заманауи эндоваскулярлық әдіс қолданылып, тарылған қан тамырына арнайы стент орнату арқылы миға қан ағымы толық қалпына келтірілді.

 

Бұл әдістің негізгі артықшылықтары:

 

отаның аз инвазивті болуы;

 

қалпына келу кезеңінің қысқалығы;

 

науқас үшін қауіпсіз әрі тиімді нәтижелер беруі.

 

Ота білікті мамандардың қатысуымен және заманауи медициналық технологияларды пайдалана отырып жоғары деңгейде жүргізілді. Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында.

 

Айта кету керек, мұндай жоғары технологиялы әрі қымбат медициналық көмек Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін көрсетілді. Бұл – тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді медициналық көмектің нақты көрінісі.

 

Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы алдағы уақытта да жоғары технологиялық медициналық қызметтерді енгізу және халыққа сапалы көмек көрсету бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
31 января
30 января