Экс-заместителя акима Алматы арестовали за пьяную езду

Сауранда тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетілді

Сегодня, 07:05
1 мин. чтения
126
Сауранда тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетілді
МӘМС

Сауран ауданының Абай дәрігерлік амбулаториясында тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара барысында азаматтар жылжымалы медициналық кешен құрамында келген дәрігерлердің қабылдауында болып, денсаулықтарына қатысты тегін кеңестер алды.

Қабылдауды жалпы тәжірибелі дәрігер, травматолог, офтальмолог, кардиолог, эндокринолог және невропатолог мамандары жүргізді. Сонымен қатар, тұрғындар флюорографиялық тексеруден өтіп, ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) қызметін пайдаланды. Іс-шара аясында алдын алу және скринингтік кеңестер берілді.

Шара барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға жан-жақты кеңес берілді.

Сауран аудандық емханасына қарасты Абай дәрігерлік амбулаториясында 1274 тұрғын тіркелген. Аудан бойынша шалғай елді мекендерде тұратын халыққа медициналық көмекті қолжетімді ету мақсатында жылжымалы медициналық кешен тұрақты түрде жұмыс істеуде.

Жылжымалы медициналық кешен құрамында білікті дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері қызмет атқарады. Олар ауыл тұрғындарына профилактикалық тексерулер жүргізіп, қажетті медициналық кеңес беріп, алғашқы медициналық көмек көрсетеді.

Мұндай шаралар шалғай ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайтуға, аурулардың алдын алуға және дерттерді ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

a19e413e-bf3b-43a0-9e4b-8060f8fbb2a1.webp

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
22 апреля