Почему отодвинули сроки расширения мощностей Шымкентского НПЗ

Шетелдік дәрігер аудандық ауруханада тәжірибе бөлісті

22 апр., 11:16
1 мин. чтения
691
Шетелдік дәрігер аудандық ауруханада тәжірибе бөлісті
МӘМС

Ордабасы аудандық орталық ауруханасында Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының нейрохирург дәрігері Нұрхан Өтенов және Санкт-Петербург қаласындағы көпсалалы медициналық орталықтың жоғары санатты,эндоваскулярлық кардиохирург дәрігері Павел Токарев өз тәжірибесімен бөлісті.

Аудандық ауруханада «Allia IGS 3» стационарлық ангиограф медициналық құралы орнатылып, МӘМС жүйесі  аясында 8 науқасқа ота жасалды. Оның ішінде, 4 коронарографиялық және 1 коронарлық артерияларды стенттеу, 3 селективті церебральды ангиография  оталары жасалды.

Бүгінде озық үлгідегі жабдықтармен Ордабасы ауданының тұрғандары ғана емес, көрші аудандардың тұрғындары да медициналық көмекке жүгіне алады. Айта кетерлігі, Бәйдібек, Арыс аудандарының тұрғындары да жоспарлы және шұғыл түрдегі оталарды жасатып, емделуге мүмкіндігі бар.

Заманауи көпсалалы ауданаралық аурухана желісінде ауыл тұрғындары жедел және мамандандырылған медициналық көмектермен  дер кезінде қамтылуына жағдайлар қарастырылып жатыр.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

09 мая
08 мая
07 мая
06 мая