Ушел из жизни автор фильмов «Гибель Отырара» и «Абай»

Созақ ауданында тегін онкологиялық профилактикалық тексеру өтті

4 часа назад
1 мин. чтения
48
Созақ ауданында тегін онкологиялық профилактикалық тексеру өтті
МӘМС

Созақ аудандық орталық ауруханасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тұрғындарға арналған тегін профилактикалық тексеру ұйымдастырылды.

Тексеруді «Амина» клиникасының онкохирургі, онкомаммолог Жанат Бақытқызы және онкогинеколог-гинеколог Айша Жұмабаева жүргізді.

Қабылдау барысында 8 тұрғыннан түрлі патология анықталып, оларға қосымша тексеруден өтіп, қажетті ем қабылдау үшін мамандандырылған клиникаға қаралу ұсынылды.

Анықталған патологиялар:

  • 3 науқаста – қалқанша безінің ісігі;

  • 3 науқаста – сүт безінің ісігі;

  • 2 науқаста – жатыр мойнындағы түзілістер.

Мұндай профилактикалық тексерулердің басты мақсаты – ауруларды ерте кезеңде анықтап, дер кезінде емдеуді бастау арқылы асқынудың алдын алу.

Тұрғындар өз денсаулығын тексеруге мүмкіндік берген дәрігерлерге және МӘМС жүйесі аясында қолжетімді медициналық көмек көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, «Амина» клиникасы 2024 жылдан бері шалғай елді мекен тұрғындары үшін тегін профилактикалық тексерулерді тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Бұл бастама өңір тұрғындарының онкологиялық ауруларды ерте анықтап, уақытылы ем алуына мүмкіндік беруде.

https://adilet-partiyasy.kz/kz
Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
03 августа