Ұлы ойшыл Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», — деп айтқандай, бала түрлі үйірмелерге қатысып, жан-жақты дамиды. Яғни, алған тәрбиесі іс — әрекетіне алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды. Осы ретте, Түркістан қаласының тұрғыны Амира Нұрсұлтанқызын айтуға болады.
Бүгінде Амира қаладағы музыкалық мектепте прима қобыз аспабында 2 сыныпта оқиды. Кішкентай болса да, жаны жан-жақты болуға бейім. Әрине, ата-анасының қолдауымен түрлі үйірмелерге қатысып, қабілетін ашып жүр. Балғын қыз би, сурет салу, қобыз тарту, теннис, тхэквондо, пластилин, роботатехниканы күнделікті дағдысына айналдырған.
Айта кетерлігі, Амира Нұрсұлтанқызы Румынияда өткен конкурста прима қобызбен В. Моцарт «Аллегретто» ойнап, 1 орын алды. Жас суретшілер конкурсынан 1 орынға ие болды.
Ұрпақ тәрбиелеуде ұлттық құндылықтың жібін үзбей, отбасындағы әкенің рөлін, беделін үнемі жоғары қойып, ананың табанында жаннат барын балаларына күндіз-түні айтудан шаршамаған, әр перзентіне ерекше көңіл бөлетін отбасылардың бірі – Нұрсұлтан мен Айдана.
-Мейірімге, махаббатқа бөленіп өскен бала айналасына қамқор, бауырмал болады. Кез келген түйткілді ашумен емес, ақылмен шешуге тырысамыз. Балаларымыздың бойына ұят болады, обал болады деген ұғымды көбірек сіңіруге тырысамыз.
Амираның інісі Мұстафаныңда білімге, үйірмеге деген құмарлығы басым.Әпкесінің жасаған іс-әрекетін қайталайды. Сондықтан да, Амираға тәрбие беруде басымдық береміз. Өйткені, өзінен кейінгі бауырларына үлгі болсын деген ниетпен- дейді, Айдана.