Талдықорған қаласында тағы бір дүбірлі жарыс өз мәресіне жетті. Бұл жарыс Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне арналды. Себебі, Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына биыл 35 жыл толады.
Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне орай, есту қабілеті төмен палуан арасындағы жарыс Жетісу жерінде тұңғыш рет өткізілді. 2007-2011 жылдары туған жүзден астам жас палуандар еркін және грек-рим күрестерінен үш күн бойы бақ сынасты. Жарысты тамашалауға келген жанкүйерлер санында да шек болған жоқ. Жарысты ұйымдастырушылар да аса жауапкершілік танытты. Еліміздің әр жерінен келген командалар басшылары Жетісу облыстық бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының жауапты жандарына алғыстарын білдірді. Жарыс аяқталды, жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтар және медальдармен марапатталды. Есту қабілеті төмен палуандар арасындағы жарыс жеңімпаздары алдағы уақыттарда түрлі халықаралық жарыстарда еліміздің намысын қорғайтын болды.
Самые свежие новости экономики, политики и культуры в нашем Telegram-канале и мобильных приложениях на Android и iOS.