За некорректный стиль общения раскритиковала журналистка главу Минсельхоза

Тимпанопластика – естуді қалпына келтіруге арналған заманауи ота

Сегодня, 04:36
2 мин. чтения
78
Тимпанопластика – естуді қалпына келтіруге арналған заманауи ота
МӘМС

Түркістан облыстық балалар ауруханасында құлақ ауруларын емдеудің заманауи тәсілдері кеңінен енгізілуде. Соның бірі – тимпанопластика операциясы. Бұл хирургиялық ем түрі ортаңғы құлақ қуысын сауықтыруға, есту сүйекшелерінің қызметін қалпына келтіруге және дабыл жарғағын қалпына келтіруге бағытталған. Ауруханада кішкентай науқасқа жасалған ота сәтті аяқталды.Бүгінде науқастың есту қабілеті жақсарып келеді.

-Тимпанопластика көбіне созылмалы ортаңғы отит кезінде жасалады. Бұл ауру ұзақ уақыт емделмеген жағдайда есту қабілетінің төмендеуіне, асқынуларға және өмір сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін.

Операцияның негізгі мақсаты – қабыну ошағын толық жою, дабыл жарғағындағы тесікті жабу және қажет болған жағдайда есту сүйекшелерінің анатомиялық құрылымын қалпына келтіру. Бұл өз кезегінде пациенттің есту қабілетін жақсартып, қайталанатын қабынудың алдын алады- деді, балалар оториноларингологы Умарали Рахманкулов.

Тимпанопластикаға көрсетілімдер қатарына:

– дабыл жарғағының құрғақ тесілуі;

– ортаңғы құлақтағы созылмалы қабыну;

– грануляциялар, полиптер немесе холестеатома;

– есту сүйекшелерінің зақымдануы;

– адгезивті (жабысқақ) отит жатады.

Операция көбіне жалпы анестезиямен жүргізіледі. Әсіресе балалар мен созылмалы қабыну жағдайында бұл әдіс қауіпсіз әрі тиімді болып саналады. Кейбір жағдайларда жергілікті жансыздандыру да қолданылуы мүмкін.

Отадан кейін пациенттерге құлаққа су тигізбеу, ауыр физикалық жүктемелерден уақытша бас тарту, қатты дыбыстан сақтану, суық тиюдің алдын алу ұсынылады. Бұл оңалту кезеңінің сәтті өтуіне және операция нәтижесінің тұрақты болуына ықпал етеді.

Қазіргі таңда тимпанопластика міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін жүргізіледі. Сақтандырылған азаматтар жоғары технологиялық бұл көмекті қосымша шығынсыз ала алады. Бұл халықтың сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін арттыруға және есту қабілетін сақтауға мүмкіндік береді.

Мамандар құлақтан ұзақ уақыт бөлінді бөлінуі, естудің төмендеуі немесе жиі қабыну белгілері байқалған жағдайда дер кезінде дәрігерге қаралуға кеңес береді. Ерте диагностика мен заманауи емдеу әдістері асқынулардың алдын алуға және денсаулықты сақтауға көмектеседі.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Последние новости

Вчера
22 февраля
21 февраля
20 февраля