Дело по факту поджога дома семьи Шерзата Полата все еще расследуется, заявил глава МВД

Қазақстан мен Индонезияның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 32 жыл

09 дек. 2025, 05:30
1 mins read
725
Қазақстан мен Индонезияның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 32 жыл
Фото: Astana.tv

Қай жағынан болсын, Қазақстаннан үлгі аламыз. Индонезияның Қазақстандағы елшісі Мохамад Фаджрул Рахман осылай дейді, деп хабарлайды Astanatv.kz.

Бүгінде Оңтүстік-Шығыс Азияның ең үлкен елі екі ірі стратегиялық жобаны қолға алды. Олар 2045-і жылға дейін даму жоспары мен ел астанасын көшіру. Биыл Индонезияның тәуелсіздік алғанына 80 жыл. Сонымен қатар, Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 32 жыл толды. Осыған орай, елші сән-салтанаты келіскен ресми дипломатиялық қабылдау өткізді.

«Екі елдің саяси қарым-қатынастары өте керемет. Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері қос мемлекет басшылары жиі кездесіп, байланысымызды нығайтып келеді. Сауда-саттығымыз жылдан-жылға ұлғайып жатыр. Қазақ халқына біздің туризмге ерекше қолдау білдіріп жатқаны үшін алғысым шексіз», - дейді Индонезияның Қазақстан және Тәжікстандағы Мохамад Фаджрул Рахман.

«Қазақстан мен Индонезия арасында бизнестің дамуында өте үлкен өзгерістер бар. Біздің қазақ кәсіпкерлері жеке тұлға ретінде Индонезияда бизнес ашуы көптеп кездеседі. Керісінше, Индонезия өкілдері де Қазақстанда өз кәсібін дамытуға өте ынталы», - деп қосты Индонезияның Қазақстандағы құрметті консулы Серік Қарымсақов. 

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
12 января