Трампу хотят запретить вести войну с Ираном без разрешения Конгресса

Тұрғындарға дәрігерге қаралу және МӘМС мәртебесін алу тәртібі түсіндірілді

4 часа назад
1 мин. чтения
93
Тұрғындарға дәрігерге қаралу және МӘМС мәртебесін алу тәртібі түсіндірілді
МӘМС

Түркістан қаласы әкімдігінің Азаматтарды қабылдау орталығында «Денсаулық бұрышы» кеңес беру іс-шарасы өтті. Медициналық сақтандыру қорының Түркістан облысы бойынша филиалының мамандары мен «Санитас» емдеу-сауықтыру орталығының дәрігерлері тұрғындарға учаскелік дәрігерге қаралу, бейінді маманға жазылу, МӘМС мәртебесін алу және зертханалық талдаулар тапсыру тәртібін түсіндірді.

a3348852-581d-47d1-80f6-50bf79c0d011.webp

Дәрігерлерге қаралған тұрғындар қан қысымын өлшетіп, қандағы қант деңгейін тексертті және денсаулығына қатысты пайдалы кеңестер алды.

Қор филиалы мен медициналық ұйым бірлесіп өткізетін «Денсаулық бұрышы» қоғамдық орындар мен медициналық ұйымдарда тұрақты ұйымдастырылады. Іс-шараның мақсаты — тұрғындарға медициналық көмекті уақытылы алуға жәрдемдесу және МӘМС жүйесіндегі құқықтары мен мүмкіндіктері туралы ақпарат беру.

a3348863-d2b2-420a-8c65-e881cdc050e6.webp

Қор филиалының бас сарапшысы Нұрдәулет Жарқынбектің айтуынша, бірнеше ай бойы елден тыс жерде болған азамат МӘМС мәртебесін алу үшін алдымен төлем тарихын тексеруі керек. Егер соңғы 12 айда үздіксіз төлем болмаса, дербес төлеуші ретінде өткен 12 айдан аспайтын төленбеген кезең үшін немесе алдағы 12 айға жарна төлеу жолдарын қарастыруға болады.

Мәртебе мен төлемдер туралы мәліметті Qoldau 24/7 мобильді қосымшасынан, SaqtandyryBot Telegram-ботынан, eGov.kz және eGov Mobile сервистерінен, сондай-ақ msqory.kz порталынан тексеруге болады.

Самые свежие новости экономики, политики и культуры на наших страницах в Telegram, Instagram и мобильных приложениях на Android и iOS.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях

Последние новости

Вчера
10 ноября