Бұл жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры Нұрлан Қыдырбаев мәлімдеді.
Филиал директорының айтуынша, биыл Қормен 171 медициналық ұйым келісімшарт жасаса, олардың 77-сі ауылдық елді мекендерде орналасқан. 2023 жылы аудандық деңгейдегі медициналық ұйымдар тегін медициналық көмек шеңберінде - 100,5 млрд теңге, ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша - 111,1 млрд теңге көлемінде қаражат алған. Аталған қаражат - алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық оңалту, стационарларда емдеуге жұмсалған.
- Қор филиалы Түркістан облысының тұрғындарына сақтандыру пакеті шеңберінде консультативтік-диагностикалық қызметтерге - 33,1 млн теңге, стационарлық медициналық көмекке - 28,9 млн теңге, ауыл тұрғындарына стационарлық және стационарды алмастыратын көмектерге - 25,5 млн теңге төледі. Оның ішінде, компьютерлік томография мен магнитті-резонанстық томографияға деген сұраныс жоғары. Жалпы сомасы 982 555 теңгені құрайтын 75 мыңнан астам КТ жасалған. Сондай-ақ, 86 мыңнан астам МРТ қызметіне Қор филиалы 1,3 млн теңге бөлді. Науқастар тарапынан үлкен сұранысқа ие қызметтің бірі – медициналық оңалту, оған 6,1 млн теңге жұмсалды - деді филиал директоры Нұрлан Икрамұлы.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі