После высказывания депутата сериал Offside приостановили, а страницы продюсера заблокировали

Түркістан облысында 1,7 миллион адам МӘМС жүйесі арқылы сақтандырылған

Сегодня, 10:13
2 мин. чтения
102
Түркістан  облысында  1,7 миллион адам МӘМС жүйесі арқылы сақтандырылған
МӘМС

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, медицина саласын жаңғырту және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру бағытында Түркістан облысында бірқатар оң өзгерістер жүзеге асып келеді. Бұл жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директорының орынбасары Бағлан Базарбекұлы мәлімдеді.

«2020 жылдан бастап облыста медициналық қызметтерді қаржыландыру көлемі 2,9 есеге өсіп, 239,8 млрд теңгеге жетті. Қор филиалы 2025 жылдың 9 айында тұрғындарға көрсетілген медициналық қызметтер үшін 126,1 млрд теңге төледі. Оның ішінде 1 723 кардиохирургиялық, 640 нейрохирургиялық және 9 бүйрек алмастыру отасы жасалды. Облыстағы 185 медициналық ұйымның бәрі бірыңғай ақпараттық жүйеге қосылған. Бұл цифрлық интеграция - дәрігер қабылдауына жазылуды жеңілдетіп, кезек күту уақытын екі есеге қысқартты. Сондай-ақ, 13 жылжымалы медициналық кешен шалғай ауылдарды аралап, профилактикалық тексерулер мен зертханалық қызметтер көрсетеді.

a03c8cad-631e-4b32-ac33-e80895249d55.webp

Бұдан бөлек, 224 213 адам созылмалы аурулар бойынша тұрақты бақылауда. Ал, 10 450 адам инфаркт пен инсульттан кейін МӘМС есебінен тегін ем алған. Облыстағы тұрғындардың 85,7%-ы, яғни 1,7 млн адам сақтандырылған. 2026 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар дағдарыстық және шұғыл жағдайдағы азаматтар үшін МӘМС жарналарын жергілікті бюджет есебінен төлейтін болады. Бұл шара қосымша 1 миллионнан астам адамды қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ресми тіркелген жұмыссыздар үшін де жарналар төленеді. Бұл қадам өңірлердің жұмыспен қамту және әлеуметтік әл-ауқатты арттыру бағытындағы жауапкершілігін күшейтеді»-деді спикер.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Сегодня