Фонд развития промышленности ограничивал конкуренцию на рынке страховых услуг - АЗРК

Түркістан облысында екінші бауыр трансплантациясы орындалды

Вчера, 07:29
2 мин. чтения
118
Түркістан облысында екінші бауыр трансплантациясы орындалды
МӘМС

Бауыр трансплантациясы – хирургия саласындағы ең күрделі және жоғары дәлдікті талап ететін операциялардың бірі. Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының базасында профессор, академик Б.Баймахановтың жетекшілігімен және А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының жоғары білікті мамандарының қатысуымен аймақтағы екінші бауыр трансплантациясы сәтті жүзеге асты.

Науқас – 54 жастағы әйел адам. Диагнозы: MELD – 26 балл, бауыр циррозы (СТР бойынша С класы, 12 балл), біріншілік билиарлық холангит (АМА-негативті түрі), бауыр-жасушалық жеткіліксіздік, паренхиматозды сарғаю, өңеш веналарының варикозды кеңеюі (1–2 дәрежелі), бауыр энцефалопатиясы (2–3 саты).

Ол бірнеше жылдан бері гастроэнтерологтың бақылауында болған. Ауруы асцитпен, портальды гипертензиямен және спленомегалиямен асқынған. Ұзақ емдеу шараларына қарамастан, жағдайының нашарлай түсуіне байланысты бауыр трансплантациясы оның өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы болды.

a01400c5-279c-4c48-9f6d-270a482e2240.webp

Донор ретінде науқастың 24 жастағы ұлы келісім беріп, толық медициналық тексеруден өтті. Абсолюттік қарсы көрсетілімдер анықталған жоқ.

Операция А.Сызғанов атындағы ҰҒХО және Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының бірлескен командасымен өткізілді.Хирургтар Б. Баймаханов, М. Досханов, Ж. Оспан, анестезиологтар Т. Қуандыков, В. Мутагиров.

Қазіргі уақытта науқас дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтуде, трансплантацияланған бауырдың қызметі тұрақталып келеді.

Бұл – Түркістан облысында жасалған екінші бауыр трансплантациясы. Мұндай жоғары технологиялық операциялар Президент Жолдауында айтылған “Халық денсаулығын сақтау және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру” бағытымен үндес.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тұрғындарға өмірлік маңызды, күрделі операциялар тегін және сапалы түрде көрсетіліп келеді. Бұл – өңірлік медицинаның әлеуетін арттырумен қатар, азаматтардың өз аймағында жоғары технологиялық көмек алуына мүмкіндік беретін маңызды қадам.

МӘМС жүйесінің тиімді іске асуы мен медициналық инфрақұрылымның нығаюы – Президент Жолдауында белгіленген әлеуметтік саясаттың нақты нәтижесі.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера