Концерт Канье Уэста в Алматы перенесли на 15 августа

Түркістан облысында МӘМС 2.0 және Qalqan платформасын енгізу мәселелері талқыланды

Сегодня, 07:17
1 мин. чтения
82
Түркістан облысында МӘМС 2.0 және Qalqan платформасын енгізу мәселелері талқыланды
МӘМС

Түркістан облысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Орталық аппаратының өкілдері, Қордың Түркістан облысы бойынша филиалының қызметкерлері және медициналық ұйымдардың басшылары мен жауапты мамандарының қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Жиында Қордың Стратегиялық даму басқармасының басшысы Әйгерім Отарбай МӘМС 2.0 трансформациясы және Qalqan бірыңғай цифрлық платформасын енгізу бағыттары туралы кеңінен түсіндірді.

МӘМС 2.0 аясындағы жаңа тәсіл медициналық көмекті жоспарлау, сатып алу, мониторингтеу және төлем жүргізу процестерін бірыңғай цифрлық циклге біріктіруге бағытталған.

Qalqan платформасы медициналық қызметтер туралы деректерді автоматты түрде тексеруге, техникалық қателер мен сәйкессіздіктерді ерте анықтауға, сондай-ақ медициналық ұйымдар мамандарының қолмен атқаратын жұмыс көлемін азайтуға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында медициналық көмекті қаржыландыру, қызмет көлемдерін жоспарлау, цифрландыру және тәуекелге бағдарланған мониторинг мәселелері талқыланды. Қатысушылар жаңа модельді іске асыруға қатысты сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.

МӘМС 2.0 трансформациясының негізгі мақсаты — қаржыландыру мен медициналық қызметтерді есепке алу процестерінің ашықтығын арттыру, ықтимал қателерді ерте анықтау және медицина қызметкерлерінің уақытын пациенттерге сапалы көмек көрсетуге бағыттау.

Самые свежие новости экономики, политики и культуры на наших страницах в Telegram, Instagram и мобильных приложениях на Android и iOS.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях

Последние новости

Сегодня

Последние новости

Вчера
31 августа