МӘМС бойынша маңызды 10 сұраққа жауап

Түркістан облысындағы медициналық ұйымдарға 127,2 млрд.теңге аванс төленді

01 авг. 2024, 11:16
5 мин. чтения
576
Түркістан облысындағы медициналық ұйымдарға 127,2 млрд.теңге аванс төленді
МӘМС

Ағымдағы жылдың 6 айында Түркістан облысының денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру мәселесі бойынша  Қор филиалының атқарған жұмыстарына байланысты «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Исмаханбетов Бақыт Торғайбайұлына  бірқатар сұрақтар қойған едік.

-Қайырлы күн, Бақыт Торғайбайұлы! Түркістан облысының денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру мәселесі оңды шешімін тауып жатыр ма?

-Қайырлы күн! 2024 жылға кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне - 113,1 млрд теңге, МӘМС пакетіне - 113,9 млрд теңге бөлу жоспарланған. Барлығы жыл басында Түркістан облысының денсаулық сақтау саласына бекітілген бюджет – 227,0 млрд теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға артық (2023 жыл - 211 млрд тг нақты бюджет). Яғни, медицинаны қаржыландыру сәйкесінше, жыл сайын артып отыр.

Қор Түркістан облысының тұрғындарына сақтандыру пакеті шеңберінде көрсетілетін қызметтерге 113,9 млрд. теңге қараған болса, оның ішінде, стационарлық көмекке шамамен 32,5 млрд. теңге, консультациялық-диагностикалық көмекке - 17,4 млрд теңге, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге - 15 млрд теңге, жоғары технологиялық медициналық көмекке - 1,0 млрд. теңге және медициналық оңалтуға - 7,6 млрд. теңге қарады.

Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті бойынша көрсетілетін қызметтерге 113,1 млрд. теңге, оның ішінде, жедел медициналық көмекке 10,2 млрд. теңге, медициналық-санитариялық алғашқы көмек - 56,1 млрд. теңге, ауыл халқына тәуліктік және күндізгі стационарлық лот бойынша мамандандырылған медициналық көмек - 12,7 млрд. теңге, инфекциялық ауруларға - 1,2 млрд. теңге, онкологиялық науқастарға - 5,4 млрд. теңге қаралды.

-Жалпы, медициналық қызметтерге төленген қаржының тиімді жұмсалып жатқанына  бақылау жүргізіледі ме?

-Осы жылы Қор филиалы медициналық көмек көрсетуге 225,1 млрд. теңгеден астам сомаға 183 денсаулық сақтау саласының субъектілерімен келісімшартқа қол қойды. Сонымен қатар, жыл басынан бері медициналық ұйымдарға келісімшарттың 30 пайызын құрайтын  68,7 млрд. теңге аванстық төлем жасалды.

Қор тарапынан ақы төлеу жұмыстары өткен жылға қарағанда биыл ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметтерге бірыңғай ақы төлеуге арналған Е-Сактандыру ақпараттық жүйесінің дайын болмауына байланысты жылдағыдан кеш басталғанын атап өткім келеді.

Ағымдағы жылдың есептілік кезеңдерін жабу бойынша  қаңтар айы   27.05 – 07.06. 2024 жыл аралығында 17,8 млрд. теңгеге жабылса, ақпан айында сәйкесінше  07.06 – 27.06.2024 жыл аралығында - 18,9 млрд. теңге, наурыз айында 21.06 – 18.07.2024 жыл аралығында - 18,9 млрд. теңге аударылды.  Сәуір айына бүгінгі таңға 2,9 млрд. теңге ақы төленіп, жалпы 4 ай кезеңін жабуға 58,5  млрд. теңге төленіп отыр.

Ал, сәуір айының кезеңіне  төлем жасауды шілде айының соңына дейін аяқтап, мамыр айында көрсетілген қызметтерге төлем жасау шаралары жақын күндері басталады. Медициналық ұйымдардың берілген қаржыны қызметкерлердің жалақысына, әлеуметтік аударымдарын тұрақты төлеуге, халықтың медициналық көмекті тұрақты алуына қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге басымдық беруін Қор  үнемі бақылауда ұстайды.

Қор кепілді тегін медициналық көмек пен МӘМС шеңберінде халыққа көрсетілген қызмет ақысын төлейтін қаржы операторы. Яғни, келісімшарт белгілі бір сомаға бекітіледі, клиника сол сомаға жыл бойы үздіксіз қызмет көрсетеді. Медициналық қызметті негізсіз артық тұтынуды болдырмас үшін медицина ұйымдары көрсетілетін қызмет көлемін әр айға бөліп отыруы тиіс. Бұл қаржылық тәртіп.

Сонымен қатар, Қор көрсетілген қызметтердің сапасын тексереді және қызмет ақысы тиісті мониторинг жасалғаннан кейін ғана төленеді. Әдетте, мониторинг барысында стандарттар мен нормативтерден ауытқу сынды ақаулар анықталып жатады. Емдеу мекемелеріне тұрақсыздық айыппұлы салынады, көрсетілген қызмет сомасының белгілі бір бөлігі Қорға немесе бюджетке қайтарылады. Ал, көрсетілмеген қызметті көрсетілді деп қосып жазған (приписка) клиникаларға қызмет бағасынан үш есе айыппұл салынады. Мұны пациенттердің құқығын қорғап, қызмет сапасын арттыруға бағытталған шара деп қабылдаған жөн.

Медициналық ұйымдардың шарт аясында бөлінген қаражатты ұтымды пайдаланып, пациенттерді қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етіп, қызметтің сапасын бақылауда ұстауын назарға саламын. Жалпы, алғанда жағдай Қордың тұрақты бақылауында және медициналық ұйымдарды үздіксіз қаржыландыру бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.

 

-Жоғары технологиялық медициналық көмекке қанша ақша бөлінді?

-Медицинада жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын операциялар мен манипуляциялардың алатын орны ерекше.  Биылға аталмыш оталарға 1 млрд. теңгеден астам қаржы көзделген болса, жылдың 6 айында Түркістан облысында осындай оталарға 493 млн теңге жұмсалды.

Күн сайын медициналық сақтандыру есебінен кардиохирургия, нейрохирургия, урология, травматология, онкология, хирургия, т.б. профильдер бойынша жүздеген операциялар жасалып жатыр. Осындай бір ғана отаның құны орташа алғанда бірнеше миллионды құрайды. Мысалы, 2024 жылдың 6 айында Түркістан облысында 40 кардиохирургиялық операция жасалып, оған 73 млн теңге төленген. Сонымен қатар, 243 млн теңгеге 43 нейрохирургиялық ота жасалған. 

Жалпы, бұл шаралардың жүзеге асуы МӘМС жүйесін енгізудің есебінен мүмкін болып отырғанын айрықша атап өту керек. Яғни, сақтандырылған азаматтардың қалтасынан шығатын шығын едәуір қысқарып, осынша қызметті тегін пайдаланып отыр.

Ағымдағы жылы пациенттерді тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтуға 15 млрд теңге бөлінген болатын. Бірінші жартыжылдықта 6 млрдтан астам рецепт бойынша тегін дәрі берілген. Дәрі-дәрмек 53 түрлі дерт бойынша диспансерлік есепте тұрған науқастарға беріледі. Сондай-ақ, МӘМС пакеті шеңберінде ересектерге 25 нозология, балаларға 29 нозология бойынша тегін дәрі берілуде.

 

-Жүйеге түскен аударым және жарна төлемдері бойынша әңгілемеп берсеңіз...

-Ағымдағы жылдың маусым айының қорытындысы бойынша Түркістан облысынан МӘМС жүйесіне 15,9 млрд теңге көлемінде жарналар мен аударымдар түсті. Оның ішінде, мемлекеттің жеңілдік санаттар үшін  аударатын  төлемдерін қоспағанда  жұмыс берушілер,  жалдамалы жұмысшылар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша еңбек етіп жүргендер, жеке кәсіпкер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және дербес төлеушілер де бар.

Жалпы, Түркістан облысы бойынша МӘМС жүйесінде сақтандырылмағандар тізіміне талдау жүргізу барысында өңірде медициналық ұйымдарға 2 069 113  тұрғын тіркелген болса, оның 1 688 647 (81,7 %) тұрғыны медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу құқығына ие болған.

Ал, жүйеде сақтандырылмағандар саны – 380 466 (18,3%) адамды құрады. Оның ішінде, тұрақты төлем жасамағандар, жұмысшы, келісімшартпен табыс табатын жеке тұлғалар, жеке кәсіпкер, дербес төлеуші және мәртебесі анықталмаған адамдар да бар. Бүгінгі таңда бұл азаматтардың ең аз қамтылған 130 мыңға жуық бөлігі үшін жарналарды келесі жылдан бастап жергілікті бюджет есебінен өтеу қарастырылуда.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

22 августа