В Казахстане началось страхование посевов от засухи

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МӘМС ЕСЕБІНЕН 2 МЫҢНАН АСТАМ ОТАНЫ ТЕГІН ЖАСАТҚАН

16 нояб. 2023, 16:48
2 мин. чтения
1009
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МӘМС ЕСЕБІНЕН 2 МЫҢНАН АСТАМ ОТАНЫ ТЕГІН ЖАСАТҚАН
МӘМС

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры Нұрлан Қыдырбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2023 жылы Түркістан облысының денсаулық сақтау саласының бюджеті – 212,2 млрд. теңгені құраған. Оның 104,8 млрд. теңгесі – кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне, 98,4 млрд. теңгесі –МӘМС пакетіне тиесілі. Қаржы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға артқан.

– Медицинаны мемлекет тарапынан қаржыландыру жыл сайын артып келеді. Мысалы, биылғы жылы медициналық сақтандырылған түркістандықтарға көрсетілген шұғыл көмекке 8,5 млрд. теңге жұмсалған. Сондай-ақ, қосымша қарастырылған қаржы есебінен Түркістан облысының тұрғындарына сақтандыру пакеті шеңберінде көрсетілген қызметтерге 102,9 млрд теңге төленді. Шығынның басым бөлігі - консультативтік-диагностикалық қызметтерге, стационарлық медициналық көмекке, ауыл тұрғындарына стационарлық және стационарды алмастыратын көмектерге төленген. Одан бөлек, 75 мыңнан астам КТ жасалып, 86 мыңнан астам МРТ қызметіне Қор филиалы 1,3 млн теңге бөлді. Бүгінде емделушілер тарапынан үлкен сұранысқа ие қызметтің бірі – медициналық оңалту, оған 6,1 млн теңге жұмсалды, - деді Нұрлан Икрамұлы.

Сонымен қатар, биыл Түркістан облысында жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын оталарға 5,7 млрд теңге жұмсалған. Атап айтқанда, 1 476 кардиохирургиялық және 612 нейрохирургиялық ота жасалып, 2 бүйрек алмастырылған.

Айта кетсек, 2023 жылы емделушілерді тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтуға 16,6 млрд. теңге бөлінген болатын. Бірінші жартыжылдықта 10,6 млрд. теңгеден астам қаржыға рецепт бойынша тегін дәрі беріліп, 59 түрлі дерт бойынша диспансерлік есепте тұрған науқастарға үлестірілген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

/category/news
Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
21 июля
20 июля
19 июля