Иностранные наставники будут закрепляться за казахстанскими работниками

Түркістанда 4 пациентке кохлеарлық имплантация отасы жасалды

06 авг. 2024, 05:11
1 мин. чтения
573
Түркістанда   4 пациентке кохлеарлық имплантация отасы жасалды
МӘМС

Түркістан қалалық орталық ауруханасында IV дәрежелі есту қабілеті жоғалған 4 пациентке жоғары технологиялық кохлеарлық имплантация отасы жасалды.

Түркістан қалалық орталық ауруханасымен Түркиядағы “Гази” университеті арасында өзара біріккен меморандумы бойынша жасалған ота барысында пациенттерге австриялық “Med EL” компаниясының импланттары тағылды. Бүгінде пациенттер өздерін отадан кейін жақсы сезініп, реабилитация кезеңіне дайындалып жатыр. Отаның бұл түрі МӘМС шеңберінде ақысыз жүргізілді.

Айта кетерлігі, отаға профессор Режеп Карамертпен облыстағы жетекші стационар оториноларинголог Гүлжан Конысова қатысты. Ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарға есту қабілетін қайта қалпына келтіруге қатысты 16 ота қойылды.

Бұл оталар тек Астана және Алматы қалаларындағы озық клиникаларында ғана жасалынған. Өткен жылы өңірде Түркістан қалалық орталық ауруханасы дәрігерлері алғаш рет кохлеарлық имплантация отасын меңгеріп, 5 пациентке есту мүмкіндігін сыйлаған болатын.

Аурухана басшысы Бекзат Берденов профессор Режеп Карамерт оториноларингологиялық көмекті дамытудың ең озық әдістемелерін аурухана тәжірибесіне енгізу және екі мекеме арасында тығыз қарым – қатынас орнату мәселелерін пысықтады. Сонымен қатар, тәжірибеге енгізіліп жатқан қызметпен облыс және көршілес өңір тұрғындарын қамту, пациенттерге жоғары сапалы және нәтижелі оториноларингологиялық көмектерді қолжетімді ету мәселесін өзара талқылады.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Сегодня