Правительство поддержит отечественных сельхозпроизводителей

Түркістанда алғаш рет миға күрделі рентгенэндоваскулярлық ота жасалды

27 дек. 2023, 04:14
1 мин. чтения
547
Түркістанда алғаш рет миға күрделі рентгенэндоваскулярлық ота жасалды
МӘМС

Түркістан қалалық орталық ауруханасының ангиохирург, интервент мамандары 1979 жылғы қала тұрғынына кезекті «Селективті церебральды ангиография. Оң жақ желке және құлақ маңындағы артериовенозды ақауларды (мальформация) рентгендік эндоваскулярлық эмболизациялау» отасын сәтті өткізді.

Артериовеноздық мальформация (АВМ) – бұл тамырлардың туа біткен аномалиясы, онда мидағы патологиялық артериялар мен веналардың тұтасып бірігіп кетуі. Бұл тамырлардың қабырғаларында бұлшықет қабаты шала жетілген, сондықтан олар жыртылып, нәтижесінде ми ішілік, субарахноидты және қарыншаішілік қан кетулерге әкеліп соқтырады.

Эндоваскулярлық эмболизация – аз инвазивті, заманауи, АВМ емдеудің таңдау әдісіне айналған. Асқыну қауіпі аз, бұл процедура жергілікті анестезиямен жүзеге асырылады. Сан артериясын тесіп, миды қанмен қамтамасыз ететін тамырларға жұмсақ катетер енгізіліп, АВМ түйінінің тамырларын қоректендіретін тамыр арқылы эмболизациялық материал инъекциясы жүргізіледі.

Қазір уақытта құны 6,2 млн теңгені құрайтын бұл ота түрі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде тегін жүргізіледі.

Аурухана басшысы, келесі жылы мұндай ауқымды және күрделі ота түрлерін бірнеше есе көбейту арқылы, тамыр ауруларымен зардап шегетін мұқтаждарға сапалы және қолжетімді медициналық көмек беретіндеріне сенімді.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

22 августа