NewsHub.kz - Информационный хаб

Түркістанда алғаш рет өкпеге билобэктомия операциясы жасалды

Сегодня, 04:52
1 мин. чтения
104
Түркістанда алғаш рет өкпеге билобэктомия операциясы жасалды
МӘМС

Түркістан қалалық орталық ауруханасында 44 жастағы пациентке оң жақ өкпеге билобэктомия операциясы алғаш рет сәтті жасалды.

Медициналық тексеру нәтижесінде пациенттің оң жақ өкпесінде қатерсіз түзіліс анықталған. Дәрігерлер медициналық көрсетілімдерге сәйкес жоспарлы хирургиялық ем жүргізу туралы шешім қабылдады.

Операция барысында оң жақ өкпенің зақымданған екі бөлігі хирургиялық жолмен алынып тасталды. Күрделі ота сәтті аяқталды. Қазіргі уақытта пациент дәрігерлердің бақылауында.

Бұл – аурухананың хирургиялық қызметіндегі маңызды жетістіктердің бірі. Бұған дейін мұнда өкпе ауруларына байланысты негізінен шұғыл хирургиялық көмек көрсетіліп келсе, енді алғаш рет жоспарлы түрде күрделі билобэктомия операциясы орындалды.

Операцияның жергілікті жерде жасалуы пациенттерге басқа қалаға бармай-ақ, тұрғылықты жеріне жақын медициналық ұйымда қажетті ем алуға мүмкіндік береді.

Медициналық көрсетілімдерге сәйкес күрделі операция МӘМС жүйесі аясында жасалды. Заманауи медициналық технологиялар мен білікті мамандардың тәжірибесі өңірде жоғары деңгейдегі хирургиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Самые свежие новости экономики, политики и культуры на наших страницах в Telegram, Instagram и мобильных приложениях на Android и iOS.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях

Последние новости

Вчера
20 сентября
19 сентября
18 сентября