Пресс-релизы

Түркістанда балаларға ерін мен таңдай жырығын түзету оталары жасалады

Сегодня, 05:46
2 мин. чтения
103
Түркістанда балаларға ерін мен таңдай жырығын түзету оталары жасалады
МӘМС

Ерін мен таңдай жырығы – балалар арасында жиі кездесетін туа біткен ақаулардың бірі. Соңғы жылдары мұндай диагнозбен дүниеге келетін сәбилердің саны екі есеге артқан. Бұл тек сыртқы келбетке ғана емес, сөйлеу, тыныс алу және жалпы дамуға да айтарлықтай кедергі келтіреді.

Осы күрделі мәселені шешу мақсатында Түркістан қалалық орталық ауруханасында жүйелі жұмыс жолға қойылып отыр. Мұнда халықаралық тәжірибесі бар еліміздің жетекші жақ-бет хирургі Қанағат Қожамжаровтың қатысуымен жоғары деңгейдегі қалпына келтіру оталары жүргізілуде.

Дәрігердің кәсіби біліктілігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесінде 2022 жылдан бері ауруханада МӘМС аясында 1000-нан аса ота сәтті жасалды. Бұл жүздеген бүлдіршінге жарқын күлкі сыйлап қана қоймай, ата-аналарға да зор үміт пен сенім ұялатқан маңызды дәстүрге айналды.

Қызмет ауқымы Түркістан облысымен шектелмей, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау өңірлері мен Шымкент қаласынан да балалар келіп, көмек алуда. Осылайша, медициналық қызметтің қамту аймағы жыл сайын кеңейіп келеді.

Бүгінде Түркістан қалалық орталық ауруханасында жасалатын қалпына келтіру оталарының қатарында:

  • хейлопластика – ерін жырығын түзету;

  • уранопластика, палатопластика – таңдай жырығын жабу;

  • реконструктивті хейлоринопластика – ерін мен мұрынды қалпына келтіру;

  • альвеопластика, анкилопластика және басқа да түзету операциялары бар.

Түркістан бүгінде тек рухани астана ғана емес, заманауи медициналық орталық ретінде де қалыптасып келеді. Мұнда жасалған әрбір ота – балалардың болашағына жол ашып, олардың қоғамға толыққанды бейімделуіне мүмкіндік беруде.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Сегодня