Подростков, нападавших на жителей Алматы, выдворили из Казахстана

Түркістанда кардиохирургтар екі күндік нәрестеге ең күрделі ота жасады

Сегодня, 05:31
1 мин. чтения
189
Түркістанда кардиохирургтар екі күндік нәрестеге ең күрделі ота жасады
МӘМС

Түркістан облысында балалар кардиохирургтары магистральды қан тамырларының транспозициясымен (ТМС) туылған екі күндік нәрестеге жоғары технологиялық медициналық көмек аясында күрделі ота жасады.

Бұл – балалар кардиохирургиясындағы ең күрделі әрі жоғары дәлдікті талап ететін операциялардың бірі. Аталған ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында жүргізілді.

2026 жылғы 23 наурызда дүниеге келген нәрестеде жүректің туа біткен критикалық ақауы анықталған. Сол күні науқас аудандық ауруханадан медициналық авиация арқылы кардиореаниматологтың бақылауымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Магистральды қан тамырларының транспозициясы – жаңа туған нәрестелердегі ең ауыр жүрек ақауларының бірі. Бұл жағдайда жүректен шығатын негізгі екі тамыр – қолқа мен өкпе артериясы – орын ауыстырып орналасады. Соның салдарынан оттегімен қанықпаған қан қайтадан ағзаға таралып, баланың өміріне тікелей қауіп төндіреді.

Отаға балалар кардиохирургиясы бөлімінің меңгерушісі, жоғары санаттағы дәрігер Талғат Нұрланұлы бастаған жоғары білікті мамандар қатысты. Операцияның ұзақтығы орта есеппен 6–7 сағатқа созылды.

Айта кету қажет, мұндай жоғары технологиялық медициналық көмектер МӘМС жүйесі аясында көрсетіледі. Бұл ауыр диагнозы бар науқастарға дер кезінде сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.

 

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
06 апреля
05 апреля
04 апреля