

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Түркістан облысы бойынша филиалы мен Түркістан қалалық емханасы бірлесіп, «Ханшайым Plaza» сауда орталығында тұрғындарға арналған «Денсаулық бұрышын» ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындарға медициналық кеңестің қолжетімділігін арттыру, аурулардың алдын алу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы ақпарат беру.
«Денсаулық бұрышында» тұрғындар алдын ала жазылусыз және жолдамасыз оториноларинголог, эндокринолог, педиатр, жалпы тәжірибелік дәрігер және невропатологтің кеңесін алды. Мамандар келушілердің денсаулық жағдайына қатысты сұрақтарына жауап беріп, қажетті медициналық ұсынымдар берді.
Сонымен қатар Қор филиалының мамандары МӘМС жүйесіне қатысу тәртібін түсіндіріп, сақтандыру мәртебесін тексеру және медициналық қызметтерді алу жолдары туралы ақпарат ұсынды.
Аталған іс-шара жұмыс кестесіне байланысты емханаға баруға уақыт таба алмай жүрген тұрғындарға дәрігерлерден кеңес алып, денсаулығына көңіл бөлуге мүмкіндік берді.
Тұрғындарға қолжетімді медициналық және ақпараттық-консультациялық көмек көрсетуге бағытталған мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылады.
Самые свежие новости экономики, политики и культуры на наших страницах в Telegram, Instagram и мобильных приложениях на Android и iOS.