Дональд Трамп избран 47-м президентом США

Түркістанда заманауи эндоваскулярлық технологиялар енгізілуде

Сегодня, 05:27
1 мин. чтения
83
Түркістанда  заманауи эндоваскулярлық технологиялар енгізілуде
МӘМС

Түркістан облыстық клиникалық ауруханада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту мақсатында жетекші маман Мыңжылқы Бердіқожаевтың қатысуымен ми қан тамырлары патологияларын емдеудің заманауи эндоваскулярлық әдістеріне арналған шеберлік сабағы өтті.

Іс-шара барысында дәрігерлер цереброваскулярлық ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа технологияларымен танысып, күрделі эндоваскулярлық операцияларды орындаудың озық тәжірибесін меңгерді.

Шеберлік сабағы аясында бір күнде жоғары технологиялық 9 операция сәтті орындалды:

? ми ісігінің қанмен қоректендіретін тамырларына 1 эмболизация;

? сирек кездесетін жұлын артериовеноздық фистуласына 1 эмболизация;

? ми қан тамырлары аневризмасын емдеуге арналған 2 операция;

? ми қан тамырларының интракраниалдық және экстракраниалдық стеноздарына 5 эндоваскулярлық араласу.

Мұндай шеберлік сабақтары дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттырып, заманауи медициналық технологияларды тәжірибеге енгізуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде МӘМС аясында жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейтіп, пациенттердің сапалы ем алуына жол ашады.

Самые свежие новости экономики, политики и культуры на наших страницах в Telegram, Instagram и мобильных приложениях на Android и iOS.

https://adilet-partiyasy.kz/kz
Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях

Последние новости

Вчера
05 августа
04 августа