Аутсорсинг не позволит переложить ответственность за ошибки в бухучете – мажилисмен

Үгіт-насихат шаралары Қызылжарда жалғасты

14 мар. 2023, 16:03
2 мин. чтения
738
Үгіт-насихат шаралары Қызылжарда жалғасты
AMANAT

«AMANAT» партиясының Ұлытау облыстық филиалынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына, Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихат шаралары, партия бағдарламасын түсіндіру жұмыстары Қызылжар елді мекенінде өтті.

Партияның Ұлытау облыстық филиалының төрағасы, сайлауалды штаб жетекшісі, партиялық тізім бойынша Ұлытау облыстық мәслихатына кандидат Бауыржан Шыңғысов бастап барған кандидаттардан құралған топтың құрамында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына партиялық тізім бойынша кандидат Мұрат Бөрібаев, бір мандаттық сайлау округтері бойынша кандидат Ерболат Сатыбалдин, партиялық тізім бойынша Ұлытау облысы мәслихатының депутаттығына кандидаттар Зина Ақылбекова, Нұргүл Талғатбекова болды.

Тұрғындармен кездесуге кандидаттарды қолдап барған Қарағанды облысының және Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Төлеген Бүкіров пен Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Станислав Филиповичпен бірге Жаңаарқа аудандық мәслихатына кандидаттар да қатысты.

Бауыржан Қабденұлы жиында алғы сөз сөйлеп, «AMANAT» партиясының  «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында қамтылған негізгі бастамаларға тоқталды. «Біздің бағытымыз – айқын, ұстанымымыз – берік. Партияластарым жемқорлықпен, қымбатшылықпен күресіп, әділетті қоғам, Жаңа Қазақстан құруды мақсат етеді. Сондықтан осы мақсаттарымыз сайлауалды бағдарламада 10 негізгі бағыт бойынша топтастырылған,-деді.

Кейін сөз тізгінін алған Төлеген Нұрмағанбетұлы өзінің «AMANAT» партиясының мүшесі емес екенін, бірақ оған сайлау бағдарламасының ұнағанын ерекше атап өтті. Партияның жоспарында ауылдық жерлердің тыныс-тіршілігін жақсартуға бағытталған көптеген бағыттар барын, осы жоспарлар оны қызықтырғанын айта кетті.

Қызылжар тұрғындарының жалпы саны – 1508, сайлау учаскесі – 1. Солардың ішінде сайлаушылар саны – 1421, осы 1 сайлау учаскесінде Жомарт кенішінің жұмыскерлері де дауыс береді.

Бүгінгі басқосуға жиналған теміржолшылар, ұстаздар, ақсақалдар және мекеме қызметкерлері жиын барысында өздерін толғандырып жүрген мәселелер мен сауалдарын кандидаттарға жолдады. Сол мәселелерге тоқтала кетсек, тұрғындар зәру болып отырған Сарысу өзеніне көпір салу, мектептің ескіруі, оқушылар саны артып, нысанның талапқа сай болмай бара жатқандығы, жол бейнеті, мал жаятын жайылымның аздығы, дәрігер мен учаскелік инспектордың жоқтығы, дәрігердің Түгіскен ауылында ғана болып, сол жаққа қатынау қиындығы, т.б.

Кандидаттар әр мәселені мұқият тыңдап, жинақтап, барлығының назарда болатынын, оңтайлы шешім болуына ықпал ететіндерін жеткізді. Тұрғындар да өздерінің ұсыныстарының келешекте елеусіз қалмай, «AMANAТ» партиясының ықпалымен шешілетініне сенім артатындарын айта кетті.

Кездесу соңында Қоғамдық кеңестің төрағасы Бәжібаев Сүлеймен ақсақал ел үмітін ақтауға талпынып, ел игілігіне қызметке жәрдемімді тигізейін деп ұмтылған кандидаттарға батасын беріп, сәттілік тіледі.

 

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

23 апреля
22 апреля