Новости

Үштөбелік кәсіпкер әлеуметтік дәріхана ашты

25 нояб. 2021, 09:39
1 мин. чтения
2451
Үштөбелік кәсіпкер әлеуметтік дәріхана ашты

Үштөбе қаласының жеке кәсіпкері Каденова Маржан Кәденқызының «Центр Кредит Банкінен» «Бизнестің жол Картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ісін кеңейту үшін жеңілдетілген несие алып, заманға сай әлеуметтік дәріхана ашты.

«Атамекеннің» Қаратал аудандық филиалының директоры, мәслихат депутаты Фархат Құсайынов жаңа ашылған дәріханаға арнайы ат басын бұрып, кәсібі жайлы болашаққа жоспарын біліп, жаңа ашқан нысанның жұмысына сәттілік тілеп қайтты.

Маржан Кәденқызының айтуынша, әлеуметтік дәріхана ашудағы мақсаты жергілікті қала, ауыл тұрғындарын қолжетімді, яғни, арзан және сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Шығарылған бағасына бар-жоғы 10 % ғана үстеме ғана қосылатын дәрілер шынында алыстағы ауыл халқы үшін берілер үлкен көмек болмақ.

Дәріхана мекенжайы: Үштөбе қ., Желтоқсан к-сі 3.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

26 апреля
25 апреля
24 апреля