В Японии во время выступления премьер-министра Фумио Кисиды раздался взрыв

Демалыс күндері Жетісу облысының аумағында екі есірткі плантациясы анықталды

15 авг. 2023, 14:34
1 mins read
1199
Демалыс күндері Жетісу облысының аумағында екі есірткі плантациясы анықталды
ДП области Жетісу

Полиция қызметкерлері демалыс күндері арнайы іс-шаралар барысында Сарқан және Кербұлақ аудандарында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз егіп-өсірудің екі фактісін анықтады. Екі факті бойынша да ҚР ҚК-нің 300-бабында  (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) көзделген қылмыстық іс қозғалды.

 

«Кербұлақ ауданында Арқарлы ауылының тұрғыны есірткіні заңсыз егіп-өсірумен айналысқан. Тәртіп сақшылары оның ауласында 24 марихуана бұтасын тауып, оларды жойды. Ал екінші дерек бойынша Сарқан ауданындағы Қарғалы ауылының тұрғынына қатысты тергеу амалдары басталды. Оның жеке үйінің аумағында 11 қарасора бұтасы табылған», - деп хабарлады Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы.

 

Жыл басынан бері Жетісу өңірінде құрамында есірткі бар өсімдіктерді егіп-өсірудің 9 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 122 кг түрлі есірткі заттары тәркіленді.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
13 июля