Местные товаропроизводители представили свою продукцию на ярмарке «Одно село – один продукт»

Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтарды түсіндіру жалғасын табуда

15 сәу 2023, 08:59
1 mins read
1010
Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтарды түсіндіру жалғасын табуда

А.ж. 13 сәуір күні Департамент басшысы Қ. Манап және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филилалының директоры
Б. Злобин Көксу ауданына іссапармен барды.

Іссапар барысында аудан активімен кездесу өткізіліп, департамент басшысы тарапынан мемлекеттік қызмет саласында орын алып жатқан өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Өз кезегінде, Б. Злобин Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясына түсу шарттарын түсіндіріп, мемлекеттік қызметшілердің назарына жеткізуде бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

Жиын соңында мемлекеттік қызметшілер мен сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаменті

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар