Неліктен бизнес үшін әлеуметтік медиа дағдыларын дамыту маңызды?

Қармақшы және Жалағаш аудандарының Төтенше жағдайлар бөлімдерінің бастықтары тағайындалды

15 қаз 2023, 23:34
2 mins read
923
Қармақшы және Жалағаш аудандарының Төтенше жағдайлар бөлімдерінің бастықтары тағайындалды
Қызылорда облысы ТЖД

Қармақшы және Жалағаш аудандарының Төтенше жағдайлар бөлімдерінің бастықтары тағайындалды

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бұйрығымен Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы болып азаматтық қорғау подполковнигі Назарқұлов Еркін Есетұлы тағайындалды.

Еркін Есетұлы 1982 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген. Мектеп бітірген соң Жамбыл облысы Отар-2 стансасында Мотоатқыштар полкінде екі жыл әскери борышын өтеді. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтының түлегі. 2003 жылы Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Қармақшы ауданы №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі, 2008 жылы осы бөлімнің қарауыл бастығы, 2011 жылы Қызылорда облысы ТЖД Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері болып жұмыс істеді.

2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы қызметін абыроймен атқарып келді.

Сонымен бірге Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы лауазымына азаматтық қорғау майоры Шарафадинов Қанат Шарафадинұлы тағайындалды.

Қанат Шарафадинұлы 1991 жылы 13 тамызда Сырдария ауданындағы Тереңөзек кентінде туған. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтын Өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша бітірген.

2009 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет етуде. Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Байқоңыр қаласы №13 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, Кәсіби даярлық мектебінің оқытушысы, аға оқытушысы, Кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, Сырдария ауданы №7 өрт сөндіру бөлімінің бастығының орынбасары, Қызылорда қаласы №7 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, Өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі, Қызылорда облысы ТЖД Кадр саясаты басқармасының бастығы болған.

Әріптестерімізді жаңа лауазымдарымен,  құттықтаймыз, оларға сәттілік пен абырой тілейміз.

Қызылорда облысы ТЖД

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз