Ордабасы аудандық орталық ауруханасында Мырзакент ауылынан келген 1957 жылғы пациентке оң жақ жамбас-сан буынының биполярлы эндопротездеу отасы сәтті жасалды.
Диагнозы: жабық оң жақ жамбас сүйегі мойнының сынуы, сүйек сынықтарының ығысуымен. Пациентке жоспарлы түрде жасалған операциядан кейінгі жағдайы тұрақты, барлық қажетті емдік шаралар жүргізілуде.
Бұл ота Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін жасалды. Сақтандыру қорының қолдауымен науқастар жоғары технологиялық медициналық көмекті қаржылық қиындықсыз алу мүмкіндігіне ие.
Аурухананың хирургиялық тобы кәсіби біліктіліктің жоғары деңгейін көрсетіп, өңір тұрғындарының денсаулығын сақтау жолында табысты еңбек етуде.
МӘМС жүйесі арқылы осындай күрделі оталарға қолжетімділіктің артуы — медициналық көмектің сапасы мен азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.