Почему по улицам Алматы стало опасно ходить

Жасөспірімге жасанды омыртқа орнатылды

02 сент., 02:48
1 мин. чтения
786
Жасөспірімге жасанды омыртқа орнатылды
МӘМС

Түркістан облыстық балалар ауруханасында 17 жастағы жасөспірімге МӘМС шеңберінде күрделі операция жасалды.

Науқас Шардара ауданынан санитарлық авиация қызметі арқылы ауыр халде жеткізілген. Тексеру барысында оның бесінші мойын омыртқасы зақымданғаны, соның салдарынан аяқ-қолын басқара алмай қалғаны анықталды.

Дәрігер-нейрохирургтар шұғыл түрде транспедикулярлық фиксация әдісімен жоғары технологиялық ота жасады. Процедура кезінде ангиограф аппараты қолданылып, зақымдалған омыртқа хирургиялық жолмен жасанды омыртқаға ауыстырылды.

Мамандардың айтуынша, операцияның басты мақсаты – жұлынды қысымнан босатып, омыртқаны бекіту арқылы жасөспірімнің қимыл-қозғалысын қалпына келтіру.

Айта кетейік, соңғы бір айдың ішінде облыстық балалар ауруханасында омыртқаға 5 күрделі операция жасалып, барлығы сәтті аяқталды. Науқас балалардың жағдайы жақсарып, үйлеріне шығарылды.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Сегодня