В Алматы стартует чемпионат мира по тогызкумалак среди школьников

Жеке меншік ұйымның әлеуеті артып келеді

15 мая 2024, 08:54
4 мин. чтения
866
Жеке меншік ұйымның әлеуеті артып келеді
МӘМС

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен  медициналық қызмет көрсету шартын жасағандардың жартысынан көбі – жеке меншік ұйымдар. Осы ретте, Түркістан облысында МӘМС жүйесі бойынша жұмыс жасап жатқан жеке меншік ұйым «Ақмарал» ауруханасының бас дәрігері Ақмарал Шерхановамен жұмыс барысы бойынша сұхбаттасқан болатынбыз.

- Ең алдымен аурухананы қазіргі жағдайы жөнінде әңгімелеп берсеңіз.

-«Акмарал»  аурухана мекемесі - бұл амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсететін ұйым. Дәрігерлік тәжірибемізде біз клиникалық медицинаның келесі салаларын қамтимыз: терапия, хирургия, гинекология, урология, гастроэнтерология, травматология, эндокринология, кардиология, неврология, оториноларингология, эндоскопия, офтальмология, диагностикалық зерттеулердің барлық спектрі. Біздің басты міндетіміз - пациенттерімізді жоғары білікті, жылдам және тиімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Мекемеміздің миссиясы пациенттердің өмір сүру сапасын ұзарту және жақсарту үшін ауруларды емдеу мен диагностикалаудың үздік заманауи әдістерін дәлелдеу қағидаттарын медициналық практикаға енгізу.

-МӘМС жүйесі енгізілгеннен кейін клиника көрсеткен қызметті қаржыландыру артты ма?

- Медициналық көмектерді МӘМС жүйесі бойынша қаржыландыру  жыл сайын артып келеді. Мәселен, биылғы жылға клиниканың көрсететін қызметіне жалпы 1,9 млрд теңге қаржы қаралды. Атап өтерлігі, науқастардың алдын ала тексеруден өтуге және медициналық оңалту шараларына деген сұраныстары жылдан жылға артып отыр. Осыған байланысты клиникада қажетті жағдайлар жасалып, дәрігерлер біліктілігін арттыруға көптеп көңіл бөлініп жатыр.

-Жалпы ауруды алдын алуға және медициналық көмектің сапасын арттыруға байланысты қандай жұмыстар жасалып жатыр?

-Мекемемізде профилактикалық медицинаны және денсаулық үшін күресті күшейту моделін түбегейлі өзгертуді қамтамасыз етуге арналған негізгі бағыттары бар. Оның ішінде, денсаулықты сақтау, денсаулықты нығайту және денсаулықты дамыту. Емханада арнайы профилактикалық бөлімшеміз бар және онда мамандандырылған дәрігерлер, оның ішінде: Салауатты өмір салтын ұстауды қалыптастыру маманы, психолог, социолог, профилактикалық қарап-тексеру мамандары қызмет атқарады. Одан бөлек тар бейінді мамандар: дәрігер терапевт, педиатр,гинеколог, офтальмолог, хирург, невролог, оториноларинголог қызмет атқарады. Профилактика саласы бойынша емханамыз Денсаулық сақтау министрілігінің 174,264 бұйрықтарына сәйкес жұмыс жүргізеді. Профилактикалық қарап тексеру арнайы контингент бойынша яғни, 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, 30-70 аралығындағы тұрғындарға МӘМС шеңберінде толықтай қамтылып өткізіледі.  Медициналық көмектің сапасын арттыру бойынша арнайы дәрігер сарапшыларымыз жұмыс жасайды, мекемедегі науқастарға көрсетілетін көмектің толықтай қамтылуын бақылап отырады.

Биыл ересектер арасында -1400, ал балалар арасында -14 052 адамды скринингтен өткізу жоспарға қойылған. Бүгінде ересек -605, ал балалар– 7402 адам скринингтен өтіп,  емдеу шараларын алып жатыр.

-КДК қызметін қалай алуға болады және қызметті көрсетуден бас тартқан жағдайда не істеуге болады?

-Процестің басталуы: КДК Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген өтініш себептеріне сәйкес МСАК маманының жолдамасы бойынша көрсетіледі.

КДК мынадай жағдайларда МСАК маманының жолдамасынсыз жүзеге асырылады:

1) бейінді маман қосымша зертханалық-аспаптық зерттеулерге және басқа бейінді мамандардың консультацияларына жіберген кезде бір жағдай аясында диагнозды тексеру үшін мамандар;

2) бейінді маманға қайта қабылдауға жүгінген кезде;

3) пациент жарақат алу немесе шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету жөнінде жүгінген кезде;

4) пациент дерматовенерологиялық бейіндегі ауруларға байланысты жүгінген кезде;

5)Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар жүгінген кезде;

6)жылжымалы медициналық кешендер мен консультациялық-диагностикалық поездар көрсететін қызметтер.

-Медициналық мекемені құрал-жабдықпен қамту мәселесіне көңіл бөлінді ма?

-Біздің мекемеде ұйымның материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға ерекше назар аударылады. Медициналық құрал- жабдықтардың өсуі мекемемізде жыл сайын жақсарып келеді. Мәселен, ағымдағы  жылы  клиника 188 медициналық техникамен қамтылды. Атап өтерлігі, тонометр, УЗИ, стом рентген және басқада аппараттар алынып, жұмыс жасап жатыр.

 

-Медициналық ұйымда қажетті медициналық қызмет болмаса пациент не істеуі керек?

-Клиникада  тар бейінді маман кеңесі немесе МРТ, КТ аппараттарына түсу қарастырылмаған. Осы ретте, дәрігерлер науқасты  қосымша  келісім шарт жасаған мекемегелерге МӘМС жүйесі арқылы жолдамамен жіберілуін қамтамасыз етеді.

-Шалғай ауыл  тұрғындарын медициналық көмекпен қамту мәселесі қалай шешіліп жатыр?

-Біздің мекемеміз Түркістан қаласына қарасты болғандықтан, ұйымымызда тек қала тұрғындары ғана тіркелген.

Алайда, басқа аудандардан  тіркелген науқастар болған жағдайда біз сол науқастан хабар алып тұрамыз.

Алыс ауданда болып жатса хабарласып сол жердегі жақын мандағы аурханаға тіркелуін сұранамыз. Өйткені, науқас алыс жол жүріп барып келуден шаршап жағдайын ұшықтырып алуы ықтимал.

-Пациентті қолдау қызметі қандай жұмыс атқарады?

-Пациенттерді қолдау қызметі өтініштер мен шағымдарды қарайды, пациенттердің медициналық қызметтерді алу процесінде туындаған жағдайларды реттеумен айналысады.

Бұл қызмет медициналық ұйымның медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі қызметін тұтастай үйлестіреді. Ол пациенттердің проблемаларын қарастырып, шешіп қана қоймай, өз кадрларын, жабдықтарын пайдаланудың тиімділігін бағалайды, медициналық көмек көрсету технологияларын, тегін көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету ережелерін сақтауды, медициналық сақтандыру қызметтерін көрсетуді тексереді, ақаулардың алдын алу және жою бойынша жұмыс жүргізеді, персоналды медициналық көмек көрсету сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқытуды жүргізеді.

Құрамында бас дәрігердің ана мен бала қорғау, емдеу іс жөніндегі және  аурухана бойынша орынбасарлары, дәрігер-сарапшы, бөлім меңгерушілері, аға мейірбикелер бар.

Пациентті қолдау қызметіне жылдың басынан бері  7 науқас жүгінгеніп, мәселе дер кезінде шешімін тапты.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Сегодня