Около 20% чистой прибыли направит на выплату дивидендов КазТрансОйл

Жемқорлықтың алдын алу

20 июля 2022, 00:24
2 мин. чтения
1108
Жемқорлықтың алдын алу

Алматы. 20 шілде. NewsHub - «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында Бас директор Замир Сағыновтың төрағалығымен  «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өтті.

Кездесуде  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру басқармасының басшысы Нұрсұлтан Бекінов баяндама жасады.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі, мүдделер қақтығысын шешу мәселелері талқыланды.

З.Сағынов кәсіпорында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Ұлттық сапа орталығы былтыр ISO 37001:2016 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқару жүйесі» халықаралық стандарты бойынша сертификатталған болатын. Сонымен қатар кәсіпорынның 30 қызметкері ISO 37001:2016 сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін әзірлеу» сертификаттарын алды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде кәсіпорын өзінің күнделікті қызметінде басшылыққа алатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы құжаттар әзірледі: сәйкестік саясаты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықтар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мүдделер қақтығысына қатысты ережелер, адалдықты тексеру, анықтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару, іскерлік әдеп кодексі.

Жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіліп, оларды жою, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру бойынша ай сайын шаралар ұйымдастырылады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында қазіргі уақытта зертханалық сынақтардағы процестерді цифрландыруға көшу жұмыстары жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары нысандарды тұрақты бейнебақылаумен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Кездесу соңында Н. Бекінов семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
08 сентября