Китай принял крайне спорный закон об "этническом единстве"

Жетісайда МӘМС аясында күрделі иық буынына ота жасалды

Сегодня, 06:58
1 мин. чтения
75
Жетісайда МӘМС аясында күрделі иық буынына ота  жасалды
МӘМС

Жетісай көпбейінді аудандық орталық ауруханасында жоғары кәсіби деңгейдегі күрделі операция сәтті өткізілді.Науқасқа «оң иық буынының үйреншікті орнынан шығуы» диагнозы бойынша заманауи әдіспен ота жасалды. Бұл медициналық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі арқылы көрсетілді.

Күрделі операцияға аурухана басшысының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Мадияр Қалдарбекұлы мен облыстық клиникалық аурухананың ортопедия бөлімінің травматолог-ортопеді, медицина ғылымдарының кандидаты Әлібек Салманұлы қатысты.

Ота барысында иық буынының тұрақтылығын қалпына келтіруге бағытталған хирургиялық әдіс қолданылды. Атап айтқанда, иық буыны капсуласының алдыңғы беткейін бекіту арқылы буынның қалыпты қызметін қайта қалпына келтіруге мүмкіндік жасалды. Мамандардың айтуынша, бұл тәсіл болашақта буынның қайта шығу қаупін айтарлықтай төмендетеді.

Дәрігерлердің кәсіби шеберлігі мен заманауи медициналық технологиялардың арқасында науқастың қалыпты қозғалыс белсенділігін қалпына келтіруге мүмкіндік туды.

Бүгінде МӘМС жүйесі арқылы тұрғындар қымбат әрі күрделі медициналық қызметтерді тегін алып келеді. Бұл өз кезегінде жоғары технологиялық медициналық көмектің аудан деңгейінде де қолжетімді болуына жол ашып отыр.

Адам денсаулығы — үлкен жауапкершілік. Осындай күрделі операциялардың өңірлік деңгейде жасалуы медицина саласындағы кәсібилік пен дамудың нақты көрсеткіші.

«Дәрігердің қолы алтын емес, жүрегі алтын» демекші, ақ халатты абзал жандардың білімі мен тәжірибесінің арқасында тағы бір науқасқа үміт сыйланды.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
11 мая