Кеңес отырысында 7 тәртіптік істер, 6 профилактикалық сұрақтар, жалпы, 13 мәселе қаралды.
Нәтижесінде Кеңес мүшелерімен Жетісу облысының жер қатынастары басқармасының, Талдықорған қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімінің және Жаркент қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларымен Әдеп кодексінің 5-тармағының талаптарын сақтамағандары үшін тиісті тәртіптік жазалар қолдану ұсынылды.
Сонымен қатар, Кеңесте, Текелі қаласы және Ескелді, Кербұлақ, Ақсу аудандарының бір-қатар лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік істер қарастырылып, қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағандары үшін тәртіптік жазалар қолдану ұсынылды.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардағы бұзушылықтардың алдын алу мақсатында:
- мемлекеттік органдардың профилактикалық сұрақтары;
- Ескелді ауданы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің қызмет нәтижелері;
- 2023 жылдың қорытындысы бойынша БАҚ–та мемлекеттік қызметшілерге қатысты сыни мақалаларға жүргізілген талдаудың нәтижелері;
- мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялары жұмысының қорытындылары;
- «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіндегі мемлекеттік қызметшілерінің электронды жеке істерінің толтырылуы қарастырылып, Кеңес мүшелерімен мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар берілді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті