Казахстан будет поставлять нефтепродукты в Армению

Жетісу облысында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

10 нояб. 2023, 04:16
2 мин. чтения
894
Жетісу облысында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаменті

Қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен Әдеп кодексінің 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің әділдік қағидатын сақтамай, яғни заңды шешім қабылдамағаны және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұрмағандары үшін Көксу ауданы әкімі аппаратының басшысына және Көксу ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысына «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жазалар қолдану ұсынылды.

Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен Жетісу облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысына қатысты тәртіптік істі қарастырылып, оның іс-әрекетінде Әдеп кодексінің талаптарын сақтамау және мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық белгілерінің болмауына байланысты тоқтатылды.

Сондай-ақ, Жетісу облысының Көліктік инспекциясының басшысы өзіне жүктелген міндеттерді тиісті түрде орындамағаны үшін оның жауаптылығын қарастыру үшін Қазақстан Республикасының Көлік комитетіне кері қайтару ұсынылды.

Бұдан бөлек, отырыста мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мемлекеттік органдардың профилактикалық сұрақтары, Текелі қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің қызмет нәтижелері, 2023 жылдың 3 тоқсаны қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялары жұмысының қорытындылары және 2023 жылдың 9 айының нәтижелері бойынша Департаментпен жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдерінің қызметіне, мемлекеттік орган жойылған (таратылған), қайта ұйымдастырылған, басқару құрылымы өзгерген кезде мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуына, мемлекеттік қызметшілерге еңбек демалысын беру мен іссапар шығындарын төлеу талаптарының сақталуына, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің сыйақы алу кезіндегі құқықтарының сақталуына жүргізілген талдаулардың нәтижелері қарастырылып, мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар берілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
05 июля
04 июля