Новости

Жетісу облысында «Қауіпсіз қоғам» акциясы өтуде

23 нояб. 2023, 04:43
1 мин. чтения
1594
Жетісу облысында «Қауіпсіз қоғам» акциясы өтуде
Филиал партии "AMANAT"

Жетісу облысында «Қауіпсіз қоғам» акциясы өтуде

2023-11-23 Жетісу облысында «Қауіпсіз қоғам» акциясы өтуде

«Қауіпсіз қоғам» акциясы аясында

Түңгі уақыт аралығында кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың (азаматшалардың) қоғамдық орындарда, түңгі клубтар мен кафе, мейрамханаларда және т.б. жерлерде сағат 23.00-ден кейін ата-анасының бақылауынсыз жүруіне жол бермеу мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізілуде.

9aadd8c9-094b-4458-bed1-569a75ca4de5.webp

Жетісу облысының Полиция департаменті Талдықорған қалалық Полиция басқармасымен бірлесіп, Талдықорған қалалық білім бөлімі, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, қоғам белсенділерінің қатысуымен

түңгі рейдтер мен жедел-профилактикалық жұмыстар жүргізу кезінде жалпы саны 5 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, ата-аналарға ескертулер беріліп, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

9aadd8b8-e24f-45ec-9dfa-e2fb4f0c5732.webp

Естеріңізге сала кетейік, «Қауіпсіз қоғам» акциясы ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасын тауып, халыққа заң бұзушылықпен, тәртіп бұзушылықтың барлық түрлеріне қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілетін болады. Негізгі мақсат — халық арасында құқықтық мәдениетті, тәртіп бұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыру.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
17 июля