Токаев рассказал, как спасти озеро Балхаш от обмеления

Жетісу облысында "Respublica" партиясының аймақтық филиалы ашылды

10 февр. 2023, 05:12
2 мин. чтения
1059
Жетісу облысында "Respublica" партиясының аймақтық филиалы ашылды
respublica_partiyasy_jetisu2

Respublica – бұл көптеген қазақстандықтар сияқты өзгерісті қалайтын пікірлестердің партиясы. Партия сапында қазақстандық кәсіпкерлер мен белді қоғам қайраткерлері бар. Партия төрағасы – ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, «Олжа Агро» серіктестігінің басшысы Айдарбек Ходжаназаров. Теңтөрағалар – Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шүкіжанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаев.

«Respublica» партиясы қоғамдық бірлестігінің құрылғаны туралы ақпарат 2022 жылдың тамызында жарияланды. 2023 жылдың 18 қаңтарында партия ресми тіркеуден өтіп, еліміздің барлық аймақтарында филиалдары ашылды. Бүгінгі күні партияның Жетісу облыстық филиалы да сайлау науқанына қызу дайындық жұмыстарын бастап кетті.

«MediaLab» коммуникация агенттігінің директоры, журналист Ришат Асқарбекұлы партияның Жетісу облыстық филиалының төрағасы әрі штаб жетекшісі болып тағайындалды.

Ақпанның 3 күні "Respublica" партиясы Жетісу облыстық филиалының I конференциясы өтті. Бүгінгі күні "Respublica" партиясы атынан Жетісу облысы бойынша жергілікті және аймақтық мәслихаттарға 10 аса кандидаттың құжаттары өткізілді.

6 ақпанда Астана қаласында өткен "Respublica" партиясының I съезіне еліміздің барлық өңірінен партия мүшелері қатысты. Шарада "Respublica" партиясының Сайлауалды бағдарламасы, сондай-ақ жаңартылған Жарғысы бекітілді. Сонымен қатар, партиялық тізімдер және бір мандатты аумақтық округтер бойынша ұсынылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға дауыс беру мәселелері қаралды.

"Respublica" партиясы құрамына кіруге ниетті азаматтарды Көктем шағын ауданы («Koktem Grand» ғимараты) 10 үй, 1004 офисінде күтеміз.

Үлкен істер мен оқиғалар алда, олардың маңызды бөлігі болыңыз!

Жаңа адамдар жаңа қадамдар қолдайық!

#Respublica2023

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
16 мая
15 мая
14 мая