Увеличить количество соцгрантов для борьбы с ВИЧ поручил премьер-министр РК

Жетісу облысында "Жас мемлекеттік қызметші" мектебінің арнайы дәрістері аяқталды

25 янв. 2024, 05:20
2 мин. чтения
697
Жетісу облысында "Жас мемлекеттік қызметші" мектебінің арнайы дәрістері аяқталды
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті

Биылғы жылы Таланттар пулы жобасына 25 түлек іріктелген болатын. Олардың ішінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің және Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының тәмәмдаушы курс студенттері.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментімен және

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалымен өткізілген жобаның қорытынды бесінші күні Жетісу облысының Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі Ерғазы Қошанбеков жастарымызға өзінің көзғарастарымен, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі көп жылдық тәжірибесімен бөлісті.

Шара соңында Ерғазы Қошанбекұлы, департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы С. Тарақ және филиалдың білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерлету кабинетінің меңгерушісі А. Калханова студенттерді 40 академиялық сағат көлеміндегі курсты аяқтауымен құттықтап, сәттілік тілеп, оларға сертификаттар табыстады.

Таланттар пулы жобасының басты мақсаты мемлекеттік қызметке талантты, сауатты, білімді, көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту, оларға мемлекеттік органдарда жұмыс істеу дағдыларын игеруге мүмкіндік беру.

Естеріңізге сала кетсек, оқыту бағдарламасы мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жүйесі, стратегиялық менеджмент және көшбасшылық, мемлекеттік қызметтегі негізгі қағидаттар мен құндылықтар, мансап жолымен өсуге мотивация, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидалары, тиімді коммуникациялар, эмоционалды интеллект, стресс-менеджмент, практикалық аналитиканың негіздері, жобалық менеджмент, жобалық жұмыстарды әзірлеу және практикалық кейстерді талдау сияқты тақырыптарды қамтыды.

08-12 қаңтар аралығында өткен оқыту курстарын тәжірибесі мол мемлекеттік қызметшілердің, кәсіби оқытушылардың, сарапшылардың, Академия филиалының профессорлық-оқытушылар құрамының қатысуымен өткізілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера