Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Түркістан облысы бойынша филиалы аудандық және қалалық әкімдіктермен, сондай-ақ медициналық ұйымдармен бірлесе отырып, жүйе құраушы ірі кәсіпорындар мен екінші деңгейлі банктерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысу тәртібі және медициналық көмектің қолжетімділігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Ірі кәсіпорындар қатарына мыналар жатады:«Совместное предприятие ИНКАЙ» ЖШС«Южная горно-химическая компания» ЖШС«Каратау» ЖШС«Акбастау» АҚ«КАТКО» ЖШС«ОРТАЛЫҚ» ЖШС«Казатомпром - SaUran» ЖШС«KAP Logistics» ЖШС«Аппак» ЖШС«ЗАРЕЧНОЕ» АҚ«Кентау трансформатор зауыты» АҚЖәне екінші деңгейлі банктер:Халық банкKMF банкХоум Кредит банкБереке банкFreedom банкНегізгі ережелер:
ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңының 30-бабы, 1-тармағына сәйкес,жұмыс беруші ай сайын қызметкерлері үшін МӘМС жарналары мен аударымдарын төлеуге міндетті.
Бұл жарналар азаматтарға МӘМС жүйесі аясында тегін медициналық көмекті алуға мүмкіндік береді.
Жүйе мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген.
Жұмыс беруші қызметкерлер ерікті медициналық сақтандыру полисіне ие болған күннің өзінде де МӘМС жарналарын төлеуге міндетті.Вахталық жұмысқа қатысты:Вахталық кезеңде жұмыс беруші жұмысшы үшін жарна төлейді.Вахтааралық кезеңде жұмысшы айына 4 250 теңгеден МӘМС жарнасын дербес төлеуші ретінде өзі аударады.
МӘМС жарнасын есептеу калькуляторы:
msqory.kz калькулятор Қызметкерлеріңіз үшін жарна көлемін анықтау және өз мәртебеңізді тексеру үшін осы ресурсты пайдалануға кеңес береміз.