На сколько выросли цены на бензин в Казахстане

Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы бос орындар жәрмеңкесі

11 февр., 10:20
1 мин. чтения
1012
Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы бос орындар жәрмеңкесі
РПП области Жетісу

Бүгін, ақпан айының 11 күні, Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Бастөбе сервистік техникалық колледжінде оқу орнын бітіруші студенттерге арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары, аудан прокуроры және Жетісу облысы Кәсіпкерлер Палатасының Қаратал ауданы филиалының директоры Төлегенов Мержан Советханұлы қатысты.

9e2f841b-e632-4dc5-b86a-0f034b28a2b1.webp

Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялап, бұл бастама білім беру жүйесін дамыту мен кадрларды даярлау сапасын арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады. Бұл шарада студенттерге болашақ өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік туды. Сонымен қатар, бизнес пен колледждер арасындағы өзара әрекеттестікті нығайту мен дуальды білім беру жүйесінің маңызы да талқыланды.

 

Мержан Советханұлы оқу орнын бітіруші студенттерге сәттілік тілеп, оларды еңбек нарығында барынша табысты болуға шақырды. Мұндай жәрмеңкелер жас мамандарға болашақта өз орындарын табуға және еліміздің экономикасына өз үлестерін қосуға мүмкіндік береді.

9e2f8435-d9a3-4c8d-ba26-434b60fd0680.webp

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Сегодня