Түркістан облыстық балалар ауруханасының кардиохиругтері Беларусия мемлекетінен келген мамандармен бірлесіп, жүрек ахауының күрделі түрімен ауыратын балаларға МӘМС жүйесі есебінен ота жасалды. Дәрігерлер жаңа әдісті қолдана отырып, 6 балаға операцияны сәтті жасап шықты.
Облыстық балалар ауруханасының базасында өткен шеберлік сыныбында Беларусия Республикасының хирургия ғылыми-практикалық орталығы, балалар кардиохирургиясы бөлімінің басшысы Юрий Линник, анестезиолог–реаниматолог Виктория Назарова, анестезиолог-реаниматолог Кирилл Князевтің және балалар кардиохирургиялық бригадасының қатысуымен тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді. Дәрігерлер жүрек ахауына шалдыққан балаларға күрделі оталар жасалып, операциядан кейінгі кезеңде анестезия және пациенттерді басқару ерекшеліктері бойынша жергілікті дәрігерлер тәжірибе жинақтап, жасанды қан айналымын және эхокардиография жүргізу бойынша кәсіби біліктіліктерін шыңдады.
Айта кетейік, Облыстық балалар ауруханасы елімізде кардиохирургия қызметі бойынша медициналық қызмет көрсететін жетекші орталық. Ауруханада 18 төсектік балалар кардиохирургиялық бөлімшесі жұмыс істеп, жүрек ахауына шалдыққан балаларға жоғары маманданрылыған медициналық көмек көрсетіледі. 2014 жылдан бастап өңірде балалар кардиохирургиясы ашылған сәттен бастап ауруханада 2864-тен астам ота жасалды. Игі шараға MUMKINDIK жобасы аясында BI Group-JULDIZAI корпоративтік қайырымдылық қоры қолдау көрсетті.