Жумангарин о влиянии пошлин США на Казахстан: Никак не отразятся

Жылжымалы медициналық кешен Шұбар ауылының тұрғындарын қабылдады

Сегодня, 08:01
1 мин. чтения
64
Жылжымалы медициналық кешен Шұбар ауылының тұрғындарын қабылдады
МӘМС

Ордабасы аудандық көпбейінді орталық ауруханасының ұйымдастыруымен білікті мамандар ауыл тұрғындарын қабылдап, профилактикалық тексерулер мен қажетті диагностикалық зерттеулер өткізді.

Тұрғындарға хирург, рентгенолог, офтальмолог, ультрадыбыстық зерттеу маманы және оториноларинголог кеңес берді. Қабылдау барысында дәрігерлер азаматтардың денсаулық жағдайын бағалап, ауру белгілерін ерте анықтауға бағытталған тексерулер жүргізді. Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда қосымша тексеруден өту және ем алу бойынша ұсынымдар берілді.

Жылжымалы медициналық кешен шалғай елді мекен тұрғындарына бейінді мамандардың кеңесі мен диагностикалық қызметтерін тұрғылықты жеріне жақын жерде алуға мүмкіндік береді. Бұл азаматтардың аудан немесе облыс орталығына бармай-ақ, денсаулығын тексеруіне қолайлы жағдай жасайды.

МӘМС жүйесі аясында медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, профилактикалық тексерулер жүргізу және ауруларды ерте анықтау – халық денсаулығын сақтаудың маңызды бағыттарының бірі.

Жылжымалы медициналық кешендердің жұмысы ауыл тұрғындарының қажетті медициналық көмекті уақтылы алуына және денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Самые свежие новости экономики, политики и культуры на наших страницах в Telegram, Instagram и мобильных приложениях на Android и iOS.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях

Последние новости

Вчера
12 сентября
11 сентября
10 сентября